Жексенбі, 25 Қараша 2018 12:06

«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Түлкібас ауданына табан тіреді

Дін – нәзік әрі күрделі мәселе. Өйткені, діни сенім адам құқығының ежелден келе жатқан табиғи феномені. Діннің еліміздегі бірліктің бір діңгегі әрі рухани тірегі болуына ел Президенті мен Үкіметі тарапынан ұдайы назар аударылып келеді. Күні кеше Елбасымыздың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында біздің тарихымызбен дәстүріміз туралыда кенінен тоқталған.

Түлкібас ауданындағы дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда ауданда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 48 мешіт жұмыс жасауда. Түлкібас ауданында діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.

Жуырда Түркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Түлкібас ауданына табан тіреді. Көшпелі жиынның басты мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.

Керуен құрамында Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы және басқада белгілі азаматтар келіп еркін форматта әңгіме сұқбат түрінде жиын өткізді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 923 рет