Жексенбі, 25 Қараша 2018 12:26

«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданына да келді

2018 жылдың 19 қараша күніТүркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданына келіп жетті.

Көшпелі керуеннің негізгі мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу мен мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылатынын айта кеткен жөн. Жалпы бұл жиынның елді ұйыстыруға, халықтың діни сауатын жетілдіруге қосар үлесі зор деп айтсақ, қателеспесіміз анық.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Беспаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы келді. Жиынды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып, жүргізіп отырды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 819 рет