Жұма, 14 Желтоқсан 2018 16:08

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де ашылған «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастырып жатыр

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан қолға алынған бұл бастаманың басты мақсаты қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру болып табылады. 

Дүкенде сатушы болмайды, оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып, есеп айырысады. Студенттер ұйымдастырушылар мен оқу орындарының басшыларына  өз алғыстарын білдірді.

Естеріңізге салсақ, өңірде алғашқы «Адалдық дүкені» Түркістан жоғары медициналық және Түркістан гуманитарлық-техникалық колледждерінде ашылған болатын.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1995 рет