Сейсенбі, 18 Маусым 2019 17:16

Түркістан қаласының экологиялық қолайсыз климаты жақсаратын болады

Түркістан шаһарының экологиялық тұрғыда қолайсыз климатын жақсарту бағытында жергілікті билікарнайы бағдарлама қабылдады.Су тапшылығы бар өлкеге ағын суды Арыс-Түркістан арнасынан жеткізу қарастырылып жатыр. 

Қала аумағында ұзындығы 24 шақырымды құрайтын каналдың құрылысы басталмақ. Оның ені 2 метр, тереңдігі 40 сантиметрді құрайды. Ирригациялық жүйелер көне шаһардың ауасын ылғалдандырып қана қоймай, отырғызылған жасыл желекті мерзімінде суарып,  жайқалуына мол мүмкіндік береді.

«Қаланың іргесіндегі жасыл белдеуді қуратып алмас үшін ұңғымалар орнатылып, олар арқылы ағын сумен қамту мәселесі кезеңімен шешілу үстінде. Түркістандағы оң өзгерістерді барша жерлестеріміз де, қонақтар да байқаған болар. Құрылыс қарқын алған көне шаһар Қазақстанның әсем қалаларының қатарына енетініне сенім мол», - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов.

Демек, экологиялық зонаға енетін Түркістан шаһарының ауасы тазарып, қоршаған ортасының екінші тынысы ашылар күн алыс емес.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 728 рет