Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 14:39

Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Оған қаладан сайланған 13 депутат қатысты. 

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі: мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұл жөнінде қала әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Зауре Бейімбетова баяндама оқыды. Айта кетейік, бұл жоба негізінде 2019 жылыоблыстық бюджеттен қосымша 3 млн. 484228 теңге қаржы қаралған. Аталған сома қасиетті шаһардың құрылысын дамытып, ондағы елді мекендердің бас жоспарларын бекітуге бағытталды. Тарихи-мәдени орталықтар мен мемлекетке қажетті жер учаскелерін, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандыру ісіне жұмсалған. Өз кезегінде халық қалаулылары қаржының қаншалықты дұрыс жұмсалып жатқаны жөнінде нақты мәліметті беруді талап етті.

Екінші мәселе – өткен жылдың 19 шілдесіндегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің құрылымын бекіту туралы шешімді қайта өзгерту. Бұл турасында қала әкімі аппаратының басшысы Қанат Мылтықбеков мәлім етті. Сессияда халық тарапынан айтылған өзекті мәселелер талқыға түсті. Күн тәртібіндегі өзгерістер дауысқа салынып, шешім қабылданды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 946 рет