Жұма, 05 Шілде 2019 20:03

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы әкімдігінің мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі өтті. Аудан әкімдігінің мәжілісіне аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың хатшысы және депутаттары, ауданның бірқатар мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Орман, тоғай, дала өрттерінен табиғатты қорғау бойынша атқарылған іс шаралар туралы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Тойлыбаев Ерлан Жазықбекұлы хабарлама жасап, жыл бойы атқарылған мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар аудандағы ана мен бала өлімін азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Тұрлыбеков Бахыт Кеңесбекұлы баяндама жасады. Одан кейін аппарат мәжілісінде аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмек туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қаратаев Ерден Әбдінұрұлы баяндама жасаса, аудан мектептерінің 2018-2019 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауы мен ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы және оқушыларды жазғы сауықтырумен қамту барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Қадырбек Ержан Ізтайұлының баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашыларға мәжіліс барысында сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Мәжіліс соңында аудан басшысы атқарылған жұмыстарға өзінің бағасын беріп, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1200 рет