Бейсенбі, 15 Тамыз 2019 18:41

Түркістан облысы: Келес ауданы орталығының әкімі есеп берді

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылында тұрғындармен кездесті. Кездесу мақсаты Абай ауылының әкімі Ерғали Абдирахмановтың 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын халықпен бірге тыңдау және талқылау, халықтың пікірін білу болып табылады. 

Жиын аудан орталығында орналасқан №13 кәсіптік колледждің акт залында өтті. Кездесуге аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудандық полиция бөлімінің басшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, дербес бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Басқосуда сөз алған Абай ауылының әкімі аудан орталығында іске асып жатқан жобалармен кеңірек таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ауыл әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар тиісті хаттамаға алынды. Сонымен қатар учаскелік полцейдің есебі тыңдалып, аудан прокуроры тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1457 рет