Жексенбі, 18 Тамыз 2019 11:39

Түркістан облысының жастары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі шыңды бағындырды

Жастар жылы аясында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты Өгем тауларына саяхат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында экотуризмді, альпинизмді, "Ұлы даланың жеті қырын", еліміздің киелі орындары мен тарихи мекендерді жастар арасында үлкендер үлгісімен кеңінен насихаттау. 

Ісараға облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Дүйсебековаудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Серкебаев, облысқа қарасты ауданқала Жастар ресрустық орталықтарының басшылары және ауданның ерікті, талантты жастары мен жалпы 50-ге тарта жас қатыстыОблыстық Жастар ресрустық орталығы басшысы бастаған бір топ жастарӨгем тауындағы теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікті көшпенділер ізіменат тұяғына салмақ сала отырып бағындырдыБағындырылған бұл шыңға енді «ЖАСТАР ШЫҢЫ» атауы берілдіоған қоса қазақы дәстүрмен Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығымен "Жастаржылының" туы арнайы тігіліпжастардың байрағы Өгем шыңынан асқақ аспанмен астасқандай көрініске ие болды. Сонымен қатар ту тігілген орынға арнайы құлпытас орнатылды. "Мақпалкөлдіңбиігінде орналасқан шыңның аты Түркістан облысы жастарының құрметіне «ЖАСТАР ШЫҢЫ» болып аталды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 822 рет