Дүйсенбі, 19 Тамыз 2019 19:32

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округі 83 пайыз ауыз сумен қамтылған

Дәлірек айтсақ, Бадам ауыл округіндегі 6 ауылдың бесеуі таза ауыз сумен қамтылған. Ал Қарабастау ауылына таза ауыз су жүйесін тарту үшін бүгінде жобалау-сметалық құжаттары әзірленген. 

"Орда" шағынауданына инфрақұрылым жүргізуге де жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, ұсынылған екен. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевқа аталмыш ауыл округінің әкімі Бақытжан Сералыұлы өз есебінде нақтырақ баяндады. Ауыл әкімі өз сөзінде жыл басынан бері 31 қылмыс орын алғанын айтып, оның ашылуы 98 пайызды құрағанын да тілге тиек етті. 

Тиісті мәліметтерді тыңдай келе, аудан басшысы Әліпбек Шәріпбекұлы өз кезегінде ауыл округіндегі ветеринария инспекторының, жер инспекторының, салық инспекторының жұмыстарын сынға алды. Соныменқатарөзектімәселелердішешубойыншаөзінің орынбасарларыментиістібөлімбасшыларынанақтытапсырмаларжүктеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1093 рет