Сейсенбі, 20 Тамыз 2019 18:34

Түркістан облысы: Ордабасы ауданы әкімі Төрткүл ауылдық округімен танысты

"Төрткүл ауыл округінде 10 661 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егілген. 78 мал бордақылау алаңшасының 5-і биыл іске қосылған. 7727 гектар жер геокартаға енгізіліп, тапсырманың орындалуы 77,2 пайызды құрады. Шаруаларға 2116 тонна тыңайтқыш пен 350 тонна жанар-жағар май жеңілдетілген бағамен үлестірілді". 

Аудан әкімі Әліпбек Өсербаевқа жыл басынан бері атқарылған жұмыс барысын баяндаған Төрткүл ауыл округінің әкімі Өтеміс Мұхтарған осылай деді. Баяндамада аталған көрсеткіштерді бағамдай келеаудан басшысы құрылысы аяқталған мектеп ғимараттарын көгалдандыру мәселесіне, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасқан ауылдардың тазалығынаауылшаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерге ерекше назар аударды. Салық саясатындағы олқылықтарды да сынға алды. Жауапты мамандарға тәртіптік шара көруді тапсырды.

 Аудан әкімі: «Көтере алмайтын шоқпарды белге байламайды. Міндетіне салғырт мамандар тек бір ауылдың емес, ауданның көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан нәтижелі жұмыс көрсетуге күш салыңыздар», - деп, көшпелі жиынды қорытындылады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1329 рет