Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 14:40

Шымкенттік шенеуніктер қариялардан хабар алып тұрады

Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай 99 жастағы ақсақал Халел Атантаевтың шаңырағына барып, хал-жағдайын сұрап қайтты. «Батамен ел көгереді» деген. Ата, осында сіздің өткен күндер туралы әдемі естелігіңізді тыңдап, батаңызды алуға келдік. Қай кезде де сіздердің көңілдеріңізді табуға дайынбыз, - дейді Қайрат Ырзақұлұлы. 

Қария 1920 жылы 20 қазанда Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген. Ауылынан 1939 жылы азаматтық борышын өтеуге кеткен Халел Атантаев әскери қызметін Ұлы Отан соғысының сарбазы етінде жалғастырды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, туған жеріне 1948 жылы оралған.

Елге келген соң жоғары білім алып, ұзақ жыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті.

Соғыс жылдарында әуелі Финді алуға қатыстым. Содан кейін поляктармен шайқастық. Германиямен болған соғыста жеңіске жетіп, ең соңында жапондармен соғысуға аттандық. Ол күннің бәрі өтті, жеңіске жеттік. Қазір өздерің сияқты жағдайымды сұрап келген балаларыммен әңгімелесіп отырмын. Дені-басым сау, қолым боста шахмат ойнаймын, үйге келіп тұрыңдар, - деді ақсақал.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1047 рет