Бейсенбі, 14 Қараша 2019 15:08

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Осыған байланысты, Сарыағаш ауданының әкімі М.Б.Отаршиев тұрғындарды ағымдағы жылдың 21 қарашасында аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдауды өткізеді. Алдын ала қабылдауға жазылу 2-18-21; 2-26-34 байланыс телефондары арқылы 15 қараша сағат 9:00-ден басталып, 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар 21 қараша күні қала, кент және ауылдық округі әкімдері де округ әкімдігі ғимараттарында жеке қабылдау өткізеді.

«Әкім бол – халқыңа жақын бол» деген осы шығар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 931 рет