Жексенбі, 19 Қаңтар 2020 22:42

Шымкент қаласының әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһар тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Дәстүрлі түрде әр аптаның жұма күні өтетін бұл жолғы қабылдауда 10-ға жуық қала тұрғыны өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдады. 

Қабылдауда негізгі көтерілген мәселердің басым көпшілігі коммуналдық салаға қатысты. Бірі жекеменшік мектеп салу туралы ұсынысын жеткізсе, екіншісі мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша көмек сұрай келген.

Азаматтардың мәселеріне мұқият назар салған Ерлан Қуанышұлы заң аясында жауап беріп, тиісті салаға қатысты сауалдарды бақылауға алуды басқарма басшыларына жүктеді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен қолдау сұрап келген қала тұрғындарына шаһар басшысы кәсіпкерлерді қолдау шаралары аясында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатқанын айтып, оны алудың тәртібін түсіндірді. Жеке қабылдауда көтерілген әрбір мәселе бойынша Е.Айтаханов тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1481 рет