Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 21:33

Шымкент: Блок-бекеттерді қала әкімі аралады

Шектеу шаралары күшейген үшінші қала – Шымкент. Қаланың кіріп-шығатын барлық жолдарына блок-бекеттер қойылып, тәртіп бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Кешкі 21:00-де посттар жабылап, ешкім кіргізілмейді және жан баласы қаладан сыртқа аяқ басып шыға алмайды. Бұл әуелі мегаполис тұрғындарының денсаулығына жасалып отырған жағдай. Аты жаман індеттің алдыналып, онымен күресудің де бірден-бір жолы осы. 

Шымкенттен қалааралық және республикалық бағыттарға қатынайтын маңызды күре жолдарда дәл осындай 12 блокбекеті бар. Ескертусіз,өзі арнайы барып, жағдайды көзбен көріп қайтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше постты аралады. Қас қарайып, блок-посттың жабылуын күткен мегаполис әкімі әуелі «Бозарық» бекетінеаяқ басты. Ондағы жағдайды бақылап, сала жауаптыларымен тілдесті.

Бұдан кейін қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент-Түркістан бағытындағы бекет пен «Ақжар» постын аралады. Тәртіптің жалпыға ортақ екенін айтып, полицейлердің жұмысына сәттілік тіледі. Халықты түсіністік танытып, қолдау білдіруге шақырды. АлШымкентқалалықполиция департаментінің бастығы ЕралыЖұмаханбетовбарлық бекетте ешқандай қиындық тудырып жатқан жоқ екендігін алға тартады. Жүйелі жұмыс нәтижесінде қарапайым халықта үйренісіп қалғанын айтады.

Жүйеге қойылған жұмыс пен күре жолдағы көлік қатынасына тосқауыл қойылған шара аты жаман індеттің беті қайтқанша жалғасады. Халықтың жаңа жүйеге үйренісіп, үйден шақпауы бұл вирустың ерте жойылуына әкеледі. Сондықтан сала жауаптылары аталған шектеулерге түсіністік танытуын сұрайды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 512 рет