Мәселен, сіз жеке көлігіңізбен кісі тасымалдайсыз, сән салонында шаш қиясыз, базарда тәшкі айдайсыз. Бірақ төтенше жағдайға байланысты ісіңізді тоқтаттыңыз. Еш жерде тіркелмеген салық төлемеген болсаңызда төтенше жағдай кезінде мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға құқыңыз бар. Ол үшін қалада жұмыссыз қалғандар 2651 теңге, ауылда бос қалғандар 1325 теңге казпочтаға төлесеңіз болғаны. Мекемеге баруға мүмкіндігіңіз болмаса смартфоныңыздан 5505 номеріне сол қаржыны құйсаңыз әлеуметтік көмекке 42500 теңге аласыз. Қала әкімінің орынбасары көмек алудың жолдарын қарапайым тілмен түсіндірді.
«Біріншіден біздің Үкіметтік порталымыз бар соған кіріп ол жерде выплата чп деген қызмет таңдайды. Сол жерде арыз толтырады. Мен саудамен айналысамын базарда істеймін чп-ға байланысты өтемақы төлеуіңізді сұраймын дейді.Бұл жұмыстардың барлығын үйде отырып жасауға болады. Коронавирус қауіпін күшейтіп мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Айтқандай мемлекеттік жәрдемақы алудың өзіндік талаптары бар» - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Басты талаптардың бірі азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорыны жүйесінің қатысушысы болып табылу керек. Ол үшін соңғы 12 айда бір рет болсын төлемі болса болғаны. Сол азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді. 42500 теңге.Бұл кездесуде түсініктеме жұмыстарынан бөлек төтенше жағдайға байланысты атқарылып жатқан шаруаларда баяндалды. 1-ші сәуір күні қауіпті дерт белгілері анықталған шымкенттік тұрғынның жай күйі мен қауіпсіздік шаралары жайлы сөз болды. Бүгінде 51 жасар азаматпен қарым қатынаста болған 400 ден аса азамат тексеріліп жатыр. Сонымен қатар науқастың үйі орналасқан көше толығымен жабылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»