Жексенбі, 05 Сәуір 2020 02:35

Шымкентте карантин режимі енгізілді

Шымкентте бүгін, 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Бас санитардың қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылды. Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.

Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді. Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал, 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шығуға тыйым салынады. Тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Тіпті азаматтарға жеке көлігімен жүруге де шектеу қойылады. Сондай-ақ, әртүрлі отбасылық мерекелік жиындарды өткізуге рұқсат жоқ.

 «Төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде Шымкент қаласының аумағында жанұялық туған күндер, үйлену тойлары, құдалықтар және басқа да әдет-ғұрыптарға қатысты жиындарға тиым салынады» - дейді Шымкент қаласы тауарлар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 444 рет