Дүйсенбі, 16 Шілде 2018 18:04

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы тағайындалды. 

Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы туылған. Үш жоғарғы білімі бар. 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Кеден ісі» мамандығын, 2005 жылы М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ді заңгер мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Алматы экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еркеғали Әлімқұлов еңбек жолын 2003 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы болып бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс атқарған. Сондай-ақ агенттікте төраға орынбасары, кейіннен кеңесші қызметтерін атқарды.

2016 жылдан 2017 жылдың ақпанына дейін ОҚО әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды. 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарып келген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1234 рет