Сәрсенбі, 22 Желтоқсан 2021 10:38

Түркістан мен Түркия арасында іскерлік байланыс орнату мәселелері талқыланды

Түркістан енді Стамбул қаласындағы Үскідар және Зейтінбурну муниципалитеттерімен бауырлас қала.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркияға жұмыс сапары барысында муниципалитет басшыларымен кездесіп, іскерлік байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында түзілген бауырластық меморандумы аясында Түркістанда туризмді, мәдениетті, цифрландыру және инфрақұрылым жүйелерін дамытуда шетелдік тәжірбиелерді қолдану келісілді.

Түркиялық әріптестер Түркі жұртына ортақ рухани астананы дамытуға үлес қосуды зор құрмет деп білетіндерін жеткізді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы өз кезегінде түркістандықтардың игілігі үшін атқарылатын барлық бастамаларды қала әкімі ретінде жан-жақты қолдайтынын атап өтіп, бірлесе жүзеге асырылатын жобалар көне шаһарды дамудың жаңа сатысына көтеретініне сенім білдірді.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 3444 рет