Шымкент қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб меморандум түзді

Шымкент қаласының әкімдігі мен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқару комитеті меморандум түзді. Осы құжат негізінде екі жақты әріптестік артып, мемлекеттік қызмет сапасын жоғарғы деңгейге көтеру мақсат етіліп отыр. Меморандумға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен өңірлік хабтың басқару комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов қол қойды.

Шымкент тұрғындарына «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы әкімдігінің халықтық кеңсесі «Фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды.

«Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта құрылды

Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі «Шымкент қаласының кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту туралы» №36 қаулысы негізінде «Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылып, «Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Шымкентте жаңа басқармалар құрылды

Шымкентте жаңадан басқармалар құрылды. Оларды әзірге қазіргі басшыларының міндетін атқарушылар жетекшілік ете тұрады. Бұл туралы қала әкімдігі активінің жиналысында жарияланды. Тағы бір жаңалық - аудан әкімдері ендігі жерде тұрғындармен жаңа жұмыс кестесі бойынша кездесетін болады.

Шымкентте жаңа автобустар әлеуметтік бағыттарда қатынай бастады

Шымкентке жуырда ғана жеткізілген жаңа автобустар қоғамдық көлік бағыттарына бөлініп, қатынай бастады. Бүйірлеріне қаланың символы - қызыл қызғалдақ салынған аппақ автобустар әзірге үш әлеуметтік бағытта жүр. «T-bus» компаниясы жыл соңына дейін тағы 70 жаңа автобус жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша Шымкент қаласындағы жаңа автобустардың қатары көбейіп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін болады.

Шымкенттің аймақтық даму институты құрылады

Шымкент қаласының өзінің аймақтық даму институты болады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 5 шілде күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) түріндегі аймақтық даму институтын құру туралы шешім қабылдады. Ол институт толығымен қала әкімдігіне қарасты болмақ. 

Шымкент шаһары Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына қалай атап өтті?

Қала әкімдігінде өткен салтанатты жиынға 400-ден аса адам, қала активі, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органының өкілдері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері қатысты. Жиылғандар алдында сөз алған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баршаны аяулы да асқақ қаланың дүбірлі мерекесі – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізбек.

Осы RSS каналға жазылу