Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 15:17

Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали ЖҮНІСОВ: «Жас құтқарушылардың қала, аудан деңгейіндегі жарыстары өткізілді»

Елімізде қызметі халық үшін аса қажетті, соған қарамастан еңбектері ауыр, жылдың төрт мезгілінде де тілсіз жау отпен, ағын сумен, қыста боран, жазда дауылмен алысып жүретін, халықтың басына іс түссе бәрінен бұрын жететін мамандық иелері бар. Олар Төтенше жағдайлар қызметі.Ел тұрғындары үшін өткен барыс жылы ауыр болғаны сөзсіз. Әлеуметтік, эко­номикалық саладан бөлек, төтенше жағдай мәселесі ушыға түскен еді. Жағымды жаңалық көптеп орын алғанымен, техногенді апат салдарынан ел-халық едәуір зардап шекті. Кез келген қоршаған ортада табиғаттың тосын әрекетіне дайын болу керек. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы ЖҮНІСОВ мырзамен әңгімеміз осы төңіректе өрбіді.

– Нұрғали Сырлыбайұлы, өзіңіз білесіз, бірнеше жылдан бері Түркістан облысы аумағында әртүрлі ірі-ірі табиғи, техногенді апаттар орын алды. Сол жағдайлардан кейін оның салдарымен күресу жағы қалай өрбіді, қандай шараларды қолға алдыңыздар?

- Алдыңғы жылдың 11-27 наурыз аралығында Мақтаарал және Жетісай аудандарында тоқтаусыз жауған жаңбыр мен жер асты суларының көтерілуі салдарынан 2 ауданда жалпы 24 елді мекеннен 539 үйдің ауласына су басқан болатын.

Жаңбыр суын бұру үшін ұзындығы 11,9 шақырым канал қазылды, сондай-ақ, ұзындығы 96 шақырым болатын 32 канал және ұзындығы 241 шақырымнан тұратын 121 коллектор тазартылды, жұмыс басталғаннан бері 600 астам аула аумағынан 183 121 текше метр су сорылды. Елді мекендерден суды басқа бағытқа бұруға арналған ирригациялық жүйелердің болмауына байланысты жағдай күрделене түсті.

Жалпы суды соруға барлығы 337 адам, 131 мотопомпа және 37 бірлік техника жұмылдырылып (ТЖД – 82 адам, 12 техника, 49 мотопомпа; ЖАО – 255 адам, 25 техника, 82 мотопомпа), төтенше жағдайды сейілтті.

Өздеріңізге белгілі, облысымыз құрылғалы ірі көлемдегі 3 ТЖ орын алып, облыстық төтенше жағдай жарияланған болатын. Арыс қаласында әскери бөлімдегі жарылыс, Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуынан Мақтаарал ауданында су басты, Түркістан, Кентау қалаларында жене Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарындағы дауылды желден электр бағаналарының құлауынан. Осы ТЖ келген залалдарды тергеп-тексеру мақсатында Департаментпен құзырлы мекемелермен комиссия құрылып келген шығындар анықталып акт түзіліп, қала, аудан әкімдіктерінен, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС қалпына келтірілгені туралы хаттар алынып, облыс әкімдігіне ұсыныс хат жолданып облыс әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі «Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» №4 шешімімен Түркістан, Кентау қаларында және Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар аудандарында ТЖ режимі алынды.

Сондай-ақ, Арыс қаласы аумағында жарияланған төтенше жағдай режимі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталмай, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерге республикалық бюджет есебінен қажетті қаржыға қолдау табылмауына, 48 кәсіпкерлік нысандарға  келтірілген залалға өтемақы төленбеуіне байланысты жұмыстар жалғасуда.

ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің  09.03.2022 жылғы №16/1255-И хатындағы тапсырмасына сәйкес а.ж. 30-31 наурызда облыс аумағында орналасқан Төрткөл, Қазығұрт, Қызыләскер трассалық-медициналық – құтқару пункттерінің қызметіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт түзіліп, ТЖМ МПҚБ жолданды, бұдан әрі Департаментпен әр тоқсан сайын тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

- Нұрғали Сырлыбайұлы, еліміздегі түрлі сала басшылары тоқсан, 12 айдың қорытындысы бойынша есеп беріп тұрады. Ендігі жерде былтыр сіз басшылық ететін сала, яғни, Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылы атқарған жұмысына тоқталып өтсек. Департамент тарапынан нендей шаруалар істелініп, қандай жоспарлар жасалды?

-  Жоғарыда апаттық жағдайлар бойынша жасаған кейбір жұмыстарымызға тоқталып өттік. Ендігі әңгімені сол құтқарушылық қызметтің бір саласы – кинология жөніндегі есебіммен бастасам. «ҚР ТЖМ кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен әскери бөлімдерінің кинологиялық есептоптарының 2022 жылға арналған сертификаттау сынақтарының бірінші кезеңін өткізу туралы» ҚР ТЖМ 2022 жылғы 12 сәуірдегі №104 бұйрығына сәйкес Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың 23-25 мамыр аралығында 8 облыс және Республикалық жедел-құтқару жасағы, 28237 әскери бөлімінің  кинологиялық есеп топтарына құтқару оперцияларына қатысу мақсатындағы сынақтар қабылданып, жалпы сертификаттауға 10 кинологиялық топ қатысты. Сертификаттау сынақтары келесідей кезеңдерден тұрды:

Иттердің мойынсыну, ептілік, шапшаңдық қабілетін тексеру;

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі құтқару-іздестіру.

Біз құтқару жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылармен де жұмыс істеуге көңіл бөлеміз. Мәселен, 2022 жылдың 17 ақпанында облыс аумағында 2022 оқу жылына арналған «Жас құтқарушы» клубтарының (үйірмелерінің) жұмысын ұйымдастыру іс-шаралар жоспары дайындалып, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен келісілген түрде бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес жас құтқарушылардың қала, аудан деңгейіндегі жарыстары да өткізілді.

Өздеріңізге белгілі, ҚР Президенті 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 Жарлығымен 2022 жылды «Балалар жылы деп жариялады». Осы балалар жылы аясында облыс әкімдігімен бірлесіп біршама жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Облыстық жас туристер станциясымен» бірлесіп, ағымдағы жылдың 24-27 мамыр күндері Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы «Рабинзон» балалар лагерінің базасында қала, аудандардан келген 104 оқушы, 26 жетекші құрамы және Департаменттің 8 қызметкерінің қатысуымен облыстық «Жас құтақарушылар» жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар марапатталып, 1-ші орынға ие болған Төлеби ауданының «Төлеби №1» командасы Көкшетау қаласында өтетін Республикалық Слетке жолдама алды.

ҚР ТЖМ-нің Операциялық жоспарына сәйкес облыстық командаларды Республикалық слетке қатыстыру үшін қатысушылардың іссапар шығыстары мәселесін пысықтау тапсырмасы қойылған. Бұл бойынша, басқарма тарапынан облыс әкімдігімен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде  3 млн теңге қаржы қарастырылып, алып-барып келуге 2 автокөлік (тойота альпард) бөлінді.

Ағымдағы жылдың 27 маусым мен 1 шілде аралығында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында өткізілген Республикалық слетіне басқарма бастығы Т.Досалиевтің жетекшілігімен Түркістан облысының командасы қатысып, 7 конкурстан тұратын жарыстың 2 конкурсында «Техногенді төтенше жағдай аймағында авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу» (49,72 сек) және «Су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу» (1 мин. 23 сек) конкурстарында Түркістан облысының командасы 1-ші орынды иеленіп жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Жалпы командалық есепте Түркістан облысының командасы 8-ші орынға жайғасты.

Енді, кейбір құтқару операциялары туралы да айта кетсек. 2022 жыл Түркістан облысы аумағындағы республикалық және облыстық жолдарда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты 4 жағдайда, 20 рет (6-республикалық, 14-облыстық) уақытша жолдардың жабылуы мен кептелістері орын алып, ТЖД жолда қалып қойған 111 адамға (3 бала) және 88 бірлік автокөлікке (73 жеңіл, 15 жүк автокөліктері) құтқару, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген. Күрделі метеожағдайларда, қар құрсауында қалып зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дайындыққа келтірілген 12 жылыту бекеттері қолданылды (жылу, тамақ, медициналық көмек).

Облыс әкімімен бекітілген Түркістан облысы аумағындағы болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатындағы облыстық төтенше жағдайларды жою іс-қимыл жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Облыспен шектескен аумақтағы ықтимал авариялар, дүлей апаттар және зілзалардан туындайтын төтенше жағдайлар салдарын жою мәселелері бойынша Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласының ТЖД бірлесіп әрекет ету жоспарларына 2021 жылдың қорытындысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 09 ақпандағы «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын (бұдан әрі – РКШОЖ) өткізу туралы өкімі және облыс әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Көктем-2022» РКШОЖ іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес ағымдағы жылғы 3-4 наурыз аралығында облыстағы ықтимал ТЖ тек арық-атыздарды тазалау бойынша дайындық жұмыстарын көрсете отырып, командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілгенін де айта кеткен жөн. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК ТО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша бөлімшелердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеру мақсатында барлық қала, аудандарда толығымен штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.

Естеріңізде болар, 2022 жылдың 26 маусым күні сағат 17:12-де облыстық шұғыл кезекшіден, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ханарық ауылынан 5 шқ қашықтықта Ақсу өзенінде пайда болған шатқалға Үндістан елінің 2 азаматы суға батып кеткені туралы хабар түсті. Саяхаттауға келген 21 студенттен құралған топ (барлығы Үндістан азаматтары) 26 маусым күні өзеннің жағасында көңіл көтеріп жатқан кезде 2 азамат сағат 16:49 шамасында абайсызда суға батып кеткен. Олар Шымкент қ. медицина академиясының студенттері, 2001 жылы туған Химаншу Кумар және 2001 жылы туған Мохаммад Адил екені анықталды.

Жедел түрде ЖҚЖ автокөлігімен оқиға орнына шыққан іздестіру тобы (5 адам) сағат 20:15-те іздестіру жұмыстарын бастады. Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында 27 маусымда Ақсу өзені ағысының қатты болуына, сондай-ақ, шатқалдың тік болып іздестіруге қиындық тудыруына байланысты ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы (ЕС 145 UP-EC020) тартылды. Жалпы іздестіру жұмыстарына 73 адам, 12 бірлік техника, 1 бірлік жүзу құралы және 1 бірлік пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Анықтама ретінде:

Жұмылдырылған күштер мен құралдар:

- ТЖД-нен 26 қызметкер, 4 бірлік техника, 1 бірлік моторлы қайық;

- ЖАО-нан 15 жұмысшы, 3 бірлік техника, 1 жиынтық квадрокоптер;

- ПД-нен 17 қызметкер, 5 бірлік техника;

- «Қазавиақұтқару» АҚ-нан 5 қызметкер, 1 бірлік тікұшақ;

- жергілікті тұрғындар 10 адам.

ЖҚЖ құтқарушыларымен а.ж. 26 маусымы мен 5 тамызы аралығында ТЖ орын алған Ақсу шатқалындағы су айдынында, сонымен қоса, Ақсу өзенінің бойымен іздеу жұмыстары жүргізілді. Арнайы сүңгуірлік жарақты қолданып, су айдынының түбінде шамамен 5-6 м тереңдікте және 180 кв/м көлемде су асты сүңгуірлік жұмыстары жүргізілді. Табиғи құбылыстардың әсерінен су айдынында жиналған бөрене мен ағаштан тазалау, су түбін көруге арналған «Hamminbird-A» эхолот аспабымен су айдыны бедерін, өзеннің тереңдігі мен түбі бақыланып, қолдан жасалған тырма (кошка) құралымен су түбі сүзіліп тексерілді.

Шымкент қаласының ТЖД жіберілген топ квадрокоптерді өзен бойымен ұшырып, сол аумақты бақылау жұмыстарын жүргізді. Су айдынынан судың ағысының әсерінен туындаған иірімді аумақтардан жиналған ағаштарды тазалау, сүңгуірлер 4х6 көлемді темір торды сүзбе ретінде (28.06.2022ж.) бекіту жұмыстарыда жүргізілді. Сол жылдың 11 шілдесінде (іздестіру жұмыстары басталып, 14 күн өткеннен соң) 2 шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді және Департамент басшылығының қатысуымен суға батқан аумақтағы іздестіру жұмыстарының барысымен танысты.

Жалпы 10 тәуліктен төрт кезеңге бөлінген іздестіру жұмыстары ҚР ТЖМ-нің 2021 жылғы 22 ақпандағы «Жоғалған және батып кеткен адамдарды іздестіру бойынша іздестіру-құтқару және сүңгуірлік жұмыстарды қайта бастау және жалғастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 76 бұйрығына сәйкес, жүзеге асырылды. Оған қоса, осы әдістеменің талаптарына сәйкес, қайта іздестіру жұмыстары жоғалған адамдардың туыстарының, оқу орнының өтініштерінің негізінде жалғасты. Атқарылған ауқымды жұмыстарға қарамастан, іздеу жұмыстары нәтижесіз болып, суға батқан 2 студенттің денесі табылмады.

Іздестіру жұмыстарының 40 тәулік жүргізілуіне және қосымша айғақты заттар мен жағдайлардың анықталмауына байланысты, іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. Содан, аталған жылдың тамыз айында 66 см, 11/66 м3/с болған Ақсу өзеніндегі судың деңгейі қыркүйек айының соңына қарай 50 см,  7/11 м3/с дейін төмендеуіне байланысты және ШМА-ның аталған жылдың 20 қыркүйектегі № 044-33/14-2359 хаты негізінде, суға батып кеткен 2 студентке 22 қыркүйектен бастап қайта іздестіру жұмыстары басталды. Осы аталған іздестіру жұмыстарын күшейтілген түрде іздеу мақсатында ҚР ТЖМ тапсырмасына сәйкес 4 қазаннан бастап Алматы қаласындағы РЖҚЖ-ның 5 қызметкері мен 1 техникасымен келіп, іздестіру жұмыстарын бастады.

10 қазан күні сағат 12-10-да студенттердің батып кеткен аумағынан төмен қарай су бойымен есептегенде 12 шқ және Ханарық ауылының 1,5 шқ солтүстік беткейіндегі жерден ер адамның денесі табылып, қазіргі таңда, денеге сот медициналық сараптама тағайындалды. Өзен бойымен және суды кешіп жүру арқылы көзбен шолу арқылы тексеріп, өзеннің төменгі ағысындағы арнаға жиналған ағаш қалдықтарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Оған қоса 5-11 метр тереңдікте сүңгуірлік жүмыстары жүргізілді, алайда ешқандай нәтиже бермеді. Жалпы іздестіру жұмыстары тоқтаусыз 64 тәулікке созылды. Алайда, осы ауқымды жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, іздеу нәтижесіз болып, суға батқан адамдардың денелері табылмады.

Ақсу өзені арнасының барлық аралығындағы өту үшін ерекше қауіпті және қол жетімділіктің жоқтығын көрсететін су асты және жер асты туннельдерінен басқа барлық аумақтарға жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесіз болуына байланысты іздестіру жұмыстарын белгілі бір уақыттан кейін ауа-райын ескере отырып, су астындағы үңгірлер мен туннельдерден денелердің жер бетіне шыққан кезде қайта қарау жұмыстарын жандандыратын боламыз.

2022 жылдың 15-25 қараша аралығында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбаймен бекітілген жұмыс тобы құрамымен облыс аумағындағы қала, аудандардағы нысан басшыларына террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. ҚР ТЖМ-нің 2022 жылғы 08 қарашадағы «Қыс-2022» РКШОЖ өткізу туралы өкімі және облыс әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы ақпандағы №12/12804 «Қыс-2022» РКШОЖ іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес ағымдағы жылғы 24-25 қараша аралығында облыстағы ықтимал төтенше жағдайлар бойынша практикалық түрде дайындық жұмыстарын көрсете отырып, командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.

- Нұрғали Сырлыбайұлы, Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде қанша адам қызмет етеді?

– «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штат бойынша 1521 қызметкер, оның ішінде 234 офицерлік қызметкер, 13 әкімшілік қызметкер, 1098 сержанттық қызметкер, 84 азаматтық қызметкер. Иә, қызметкерлеріміз бен мамандарымыз қандай да болсын төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша еңбек етуде шаршамайды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мамандармен бірге материалдық-техникалық жағдаймен қамтылу мәселесі де алдыңғы орында болуды талап етеді. Бұл мәселеге не айтасыз?

– Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жабдықталуы 67 % құрайды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 06 қыркүйектегі «Кәсіби авариялық-құтқару құралымдарын жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» № 429 бұйрығына сәйкес департаменттің материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша есептегенде жалпы 304 бірлік болуы қажет, оның ішінде негізгі өрт сөндіру автокөліктері 174 бірлік, арнайы 33 бірлік, көмекші 97 бірлік.Қазіргі таңға Қызмет меншігінде жалпы 206 бірлік техникалары бар. Оның ішінде, негізгі өрт сөндіру автокөліктері 119 бірлік арнайы 14 бірлік, көмекші 73 бірлік. Сонымен қатар, облыс аумағында 18 өрт сөндіру бөлімдерімен 22 өрт сөндіру бекеттері бар.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» 2022 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жаңадан құрылды. Штаттық саны 95 бірлік.

– Жаңадан құрылған бөлімге қызметкерлерді қабылдау мәселесі қалай шешіледі?

– Жаңадан құрылған №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін жабдықтау үшін 2022 жылдың басынан бос лауазымдық орындарға қызметкерлер алу бойынша 5 конкурс өткізіліп, 48 бірлік өрт сөндіруші-құтқарушы, 7 бірлік өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкері, 4 бірлік радиотелефонист қызметке қабылданды. Аталған бөлімнің орта және кіші басшы құрамы, аудандық бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталды.

Түркістан қаласында Кентау 048 квартал трассасы бойында сейсмикалық белсенділігі 7 балл болатын IVA IVГ климаттық кіші аудандарға арналған II үлгідегі 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының кешенін салу» нысаны бойынша құрылыс жүргізілуде. Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау мәселелері жиі талқыланады. Бос орындарға конкурс жариялануы – бұл да болса мемлекет басшысының «бұл салада нағыз кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек» деген тапсырмасына орай, олардың қоғам талабына сай болуы үшін өткізіліп жатқан шаралардың бірі деп айта аламыз.

– Нұрғали Сырлыбайұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде негізгі мақсат – жемқорлықтың тамырына балта шабу, оны түбегейлі жою. Бұл жұмысты еш созбалаққа салмай, қарқынды түрде жүргізу қажет деді. Ендеше, Президент алға қойған бұл міндеттің орындалуы қай деңгейде?

– Бізде халықтың сана-сезімінде сыбайлас жемқорлық түсінігі дұрыс қалыптаспаған. Кез-келген мәселе туындай қалса, кішкене ақша ұсынып, жазадан оңай құтылып кетудің жолдарын іздейміз. Міне, нағыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлық! Бұл орайда, пара беруші де, алушы секілді заң бұзушы болып саналады. Яғни, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білуіміз керек. Түсіндірме жұмыстарын жүргізген уақытта бізден көптеген адамдар «жемқорлық неге көп?» деп сұрап жатады. Ал өздері соның бір мүшесі болып жүргендерін мойындағысы келмейді. Кейбір жерлерде заң бойынша өзімізге тиісті нәрселерді талап ете алмайтындығымыз да бар. Менің ойымша, сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін алдымен цифрландыру керек деп есептеймін. Екінші, өзім айтып кеткендей, адамдардың сана-сезімін өзгерту керек, миымызда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырғанымыз дұрыс.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек деп атап көрсеткен болатын. Осы мәселедегі көзқарасыңыз қандай?

– Осыған байланысты қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 43-бабының 4-бөлігіне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мынадай: бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған;

бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатындығы бекітілді.

2022 жылдың 7 айы қорытындысы бойынша Департаментте сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол берілген жоқ. Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ресми интернет-сайтта «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде барлық қажетті ақпарат орналастырылған. Интернет-сайтты 51 өзекті ақпаратпен толтыру бойынша мониторингілеу және түзету ай сайын жүргізіледі.

Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді, бір қорқыныштысы – сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады. Мұндай жағдайларды бей-жай қалдырмау қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Бұл біздің және болашақ ұрпақ үшінде өте маңызды олар болашаққа сеніммен біліммен қарауы қажет «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен » деген ой түймеуі керек. Өз білімдеріне еңбектеріне сенімін артыруға біз көмектесуіміз қажет. Өз құқығымызды қандай жағдай да қорғау әрі қоғам дертіне күресуде балаларымызға бойына сіңіруіміз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

– Нұрғали Сырлыбайұлы, жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі мәліметті беруді цифрландыру болып табылады. Сол жолға түсіп те келеміз. Казіргі таңда мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта көрсетілуде. Сол арқылы мемлекеттік қызметкердің қызмет алушымен тікелей қарым-қатынас орнатуына жол берілмейді. Бұл да жемқорлықпен күрестің бір жолы дегенге сенесіз бе?

– Сыбайлас жемқорлыққа ең алдымен адами фактор әсер етеді. Яғни қызмет көрсетуші мен алушының арасында тікелей байланыс болмаған жағдайда жолдан тайғандар да болмайды. Осы мәселеге ел Президенті де ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде мән беруді қажет ететін маңызды бағыттарды алға тартқан еді. Сол кезде Президент атап өткен сегіз бағыттың екіншісі елдегі сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде болды. «Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел». Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз, деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы, барлық азаматтардың үндеулеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталуы керек деп талап қойды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынастың жүйелі түрде болуын тапсырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын жағдайларды жасауға бағытталған. Осы бағытта қандай жұмыстар жасалуда?

– Бұл тұжырымдама ұжымның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты құжаты десек болады. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Департаментте ағымдағы жылы наурыз айында жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Самет Нұрдәулет Ильясұлының қатысуымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жеке құрамға таныстырды.

Департамент тарапынан ҚР азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы бекітілді.

Соның негізінде келесі іс-шаралар өткізілді:

– Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бұйрықтары құрылымдық және бағынышты бөлімшелерде практикалық қызметті зерттеу және қолдану үшін жолданды;

– Басқарма, бөлімнің жеке құрамына қызметтік мінез-құлықтың жалпы қағидаттары, сондай-ақ азаматтық қорғау органында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда кінәлілерді жауапқа тарту туралы ақпарат жеткізілді;

– ай сайын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервистік орталығымен қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жағдайларын салыстырып тексеру жүргізіледі фактілер анықталған жоқ);

– жеке құрам (қол қойып) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, лауазымдық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарымен танысты.

– Нұрғали Сырлыбайұлы, талаптармен таныса отырып, қабылданған шараларға тоқталсаңыз…

– Мемлекеттік қызмет лауазымына орналасу олардың бірінің екіншісіне тікелей бағыныстылығымен байланысты болса, жақын туыстықтағы немесе меншіктегі адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруін болғызбау бойынша шешім қабылданды.

Департаментте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында басқармалар мен дербес бөлімдердің басшыларына, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің басшыларына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын жеке құраммен қосымша зерделеу үшін ақпарат жеткізілді.

Департаментпен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мәселен, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Департаменттің барлық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, онда нормативтік құқықтық актілерге және ұйымдастыру-басқару қызметіне ерекше назар аударылды.

Жыл басынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баспа беттеріне – 32, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу – 48, дөңгелек үстелдер-56, «Аманат» партиясымен бірге 64 рет іс-шаралар өткізілді. Департамент тарапынан басқарма, бөлім басшылары өздерінің салалары бойынша қызметтерінің негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру мақсатында 7 рет онлайн форматта брифингтер өткізілді. Брифинг барысында қойылған сұрақтарға толық қанды жауаптар берілді.

Қызметке (жұмысқа) қабылдау кезінде міндетті түрде лауазымды адамдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізіледі, сондай-ақ болашақ қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтауға бейімділік тұрғысынан психологиялық қызмет мамандарынан психологиялық тестілеуден өтеді.

Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Сондықтан, қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасымен өткізіліп жатқан бұл шаралардың барлығының елімізде төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызы зор екені анық. Демек еліміздегі табиғи және техногенді апаттардың, төтенше жағдайлардың да азая берері анық. Өйткені төтеншеліктердің түрлі бағыттағы кешенді жұмыстарының өз нәтижесін берері ақиқат.

P.S. Әлемде жер көлемі бойынша 9 орын алатын еліміздің түк­пір-түкпірінде адам болжап білмейтін сан түрлі оқиға орын алады. Негізінен, Юрий Ильин басқаратын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және орларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мем­лекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту іс-шарасын жүргізеді. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын негізгі орталық атқарушы органы болып табылады. Шын мәнінде, бейбіт күннің батыры саналатын сала мамандары жанкештілік іс-әрекетке барады. Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда ерлік көрсетудің үлгісін қарапайым тұрғындар да көрсетіп келеді.

Сұхбаттасқан – Дәурен Әбдіраманов.

Оқылды 762 рет