Сенбі, 22 Маусым 2024 16:00

Үшінші мегаполис медицинасы жыл өткен сайын жақсарып келеді

Шымкент  республикалық маңызы бар қала статусын иеленген уақыттан бері мегаполистің медицинасы да жанданып келеді. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын  жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп отыр. Сонымен қатар  дәрігерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасып келеді.

 

Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 14 мемлекеттік емхана және 44 жеке меншік медициналық орталық халыққа қызмет көрсетіп келеді. 2021 жылмен салыстырғанда емханалардың орташа жүктемесі 31 мыңнан 22 мыңға азайған ауруханалардың төсек орын саны 3989-дан 4793-ке артқан.

2023-2024 жылы Шымкент қаласы бойынша науқастарға сапалы эндокринологиялық көмектің көлемін ұлғайта отырып, Гипербариялық оксигенация орталығындағы эндокринологиялық төсек орынын 15-тен 50-ге дейін көбейтілген. Сондай-ақ аталған медициналық орталықта 15 төсек  орынды ересектерге арналған пульмонология бөлімшесі ашылды.

2024 жылы қаңтар айында  қалалық №2 аурухана базасында гепатологиялық орталық және диабеттік табан бөлімшесі ашылып, Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары медициналық көмек көрсетуде. Сонымен қатар, қалалық №2 ауруханада алғаш рет госпиталдық фармацияның жаңа бөлімшесі ашылды. 

Ал, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында медицина қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу» ресуртық орталығы ашылды.

2024 жылдың 5 айында  жоғары технологиялық 385 медициналық қызметтер көрсетілді. Атап айтқанда, қалалық №1 клиникалық аурухана базасында бүйрек пен бауыр трансплатациясы, Жүрек орталығында 285 науқастың жүрегіне ота жасалды. Сондай-ақ,  онкологиялық орталықта 110 күрделі операция жасалған.Шымкент қалалық №2 аурухана базасында  нейрохирургия орталығы ашылып,күрделі нейрохирургиялық оталар жүргізіл жатыр. 

2023 жылы қаладағы медицина ұйымдарына 210 бірлік медицина техникасы сатып алдынды. Қалалық диагностикалық орталықтағы  зертханаға  Германияда өндірілген, заманауи  автоматтандырылған модульді анализатор аппараты орнатылды.

Айта кетейік, қалалық жедел жәрдем станциясы 100 пайыз медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген. 2023 жылы жедел жәрдем қызметкерлері 686 118 науқасқа  алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

 

Оқылды 470 рет