Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. №1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат