Осы ретте ауданымызға қарасты Бадам елді мекеніндегі ауданымыздың мақтанышы 101 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері Мұратов Калмен ақсақалдың шаңырағына аудандық орталық аурухана басшысы Тасырбаев Райымбек және медицина қызметкерлері арнайы барып, ардагер атамыздың жағдайымен танысып, мерекемен құттықтады.
Невропатолог, лор, окулист, эндокринолог сынды дәрігерлер ардагерге диагностикалық тексеру жасап, жақындарына ардагердің денсаулығын күтіп-қарау жөнінде медициналық кеңес берді. Сонымен қатар электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы мен қандағы қант мөлшерін өлшеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат