Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты бөлім басшысымен бірге аудандық ауруханаға арнайы табан тіреп, ол жерде медицина саласындағы өзекті мәселелерді талдап, оның алдын алу жолдарын пысықтады.
Жалпы ауданымыздың әлеуметік-экономикалық көрсеткішін құрайтың 82 индикаторлық көрсеткіш бар.
Соның негізгі, әрі маңызды 4-і денсаулық сақтау саласына тиесілі.
Атап айтсақ, ана мен бала өлімі, жалпы халық санына шаққанда өлім көрсеткіші және аумақтаға медициналық мекемелерді құрал-жабдықпен қамтамасыз ету.
Басқосуда аталған көрсеткіштер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Егембердиев, аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова және бас дәрігердің салаға қатысты орынбасарлары баяндама жасап, қоғамдағы ең маңызды мәселелердің алдын алу, болдырмау мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын егжей-текжейлі қамтып өтті.
Жалпы ауданымызда халық саны 105 мыңға жуық болса, соның ішінде аудандық емханаға 82 мыңнан астамы тіркелген. 16 мыңдайы екі жекеменшік (Балбөбек және Медалатау) медициналық мекемеде тіркеуде тұр. Қалғаны басқа аудан/қалаларда.
Маңызды жиынды қортындылаған аудан әкімі ең басты құндылығымыз ана мен бала өмірі екенің алға тартып, бұндай жағдайға жол бермеу керектігін атап өтті.
Өкінішті жағдайды болдырмау мақсатында барлық алдын алу шараларын жүйелі түрде атқарып, қажеттілігіне қарай барлық құзырлы органдардың ат салысуын ескертті. Жалпы ана құрсағына бала көтерісімен оны барынша бақылауға алып, қажеттілігіне қарай тиісті ем-домдарын жасап, өмірге дені сау ұрпақ алып келуіне жағадай жасалу керек деді.
Сондай-ақ, Асқар Сұлтанұлы салаға қатысты өзекті мәселелерді толық талдап, оның шешу жолдарын нақтылап арнайы хат дайындап, облыстық салалық басқармаға жолдауды тапсырды.
Айта кетерлік, ағымдағы жылдың 5 айында аудан аумағында 557 жүкті әйел тіркелген.