Медицина инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында қолға алынған бұл жобалар ауыл тұрғындарын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтуды көздейді.
Қазіргі таңда қос нысанда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы жұмыс барысын бақылап, мердігер мекемелерге сапа мен мерзімге қатысты нақты тапсырмалар берді.
– Әрбір елді мекенде қолжетімді медицина болуы – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан бұл жобалар аудан үшін маңызды. Құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтап, халық игілігіне беру – басты талап, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Асқар Естібаев Мичурин ауылдық округіндегі және Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салуға, сонымен қатар, Пістелі елді мекеніне де қолайлы жер учаскелерін қарау мақсатында аталған ауылдарға барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Сапар барысында әкім жергілікті әкімдік өкілдерімен және сала мамандарымен бірге ФАП құрылысына тиімді орналасатын аумақтарды аралап көрді.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында маңызды рөл атқарады.
Аудан басшысы Асқар Сұлтанұлы жер телімдерінің инфрақұрылымға қолжетімділігін, тұрғындарға ыңғайлылығын және санитарлық талаптарға сәйкестігін басты назарға алу қажеттігін атап өтті.
Зерделеу қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге нақты ұсыныстар әзірлеп, жобалау жұмыстарына кірісу туралы тапсырмалар берілді.
Бұл бастама шалғай ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтуға бағытталған аудан әкімдігінің жүйелі жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Аталған ФАП-тар іске қосылғаннан кейін, шалғай ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке жедел әрі қолжетімді түрде қол жеткізуіне жол ашылады. Бұл – аудан халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.