Негізгі мақсаты – микроорганизмдердің таралуын болдырмау және пациенттердің де, медицина қызметкерлерінің де қауіпсіздігін сақтау.
Қолды таза ұстау тек дәрігерлерге ғана емес, барлығына қажет. Күнделікті өмірде де қол жуу арқылы әр адам айналадағыларды аурудан қорғайды.
Қолды жуудың маңыздылығы:
- науқаспен байланысқа дейін және кейін,
- биологиялық сұйықтықтармен жанасқаннан кейін,
- медициналық процедуралар алдында,
- тамақтану алдында және дәретханадан кейін,
- қол ластанған барлық жағдайларда.
Бұл инфекцияның таралу қаупін едәуір төмендетеді.
Қол жуу ережесіне сай әрбір қолды сабынмен кемінде 40-60 секунд жуу қажет.
1.Қолды сулап, сабындау
2.Алақандарды бір біріне үйкелеу
3.Оң қолдың алақанымен сол қолдың сыртын, саусақ араларын үйкелеу.Сол қолмен де қайталау
4.Алақанды бір-біріне үйкеп, саусақ араларын жуу
5.Оң-сол қолдардың саусақтарын құлып тәрізді ауыстыру арқылы үйкеу
6.Оң-Сол қолдың бас бармақтарын кезекпен айналдыра үйкеу
7.Оң-сол қол саусақ ұштарын алақанды айналдыра жуу.
8.5 әдісті қайталау арқылы қолды сумен шаю.
9.Қолды бір реттік сүлгімен құрғату н/е ауада құрғату
Қолды дұрыс құрғату да маңызды, себебі ылғалды ортада бактериялар тез көбейеді.
Қолды антисептик қолданып өңдеу
Құрамында спирті бар антисептиктің кемінде 3 миллилитр (бұдан әрі – мл), мөлшерінде алақанға антисептик жағып, еуропалық стандартқа сәйкес 5 әрекетті қимыл реттілігін сақтаумен тері құрғағанша қайталау.
Қолды хирургиялық дезинфекциялау
1) кез-келген жедел араласулардың алдында;
2) маңызды инвазиялы ем-шаралардың (мысалы, ірі қан тамырларын пункциялаудың) алдында жүргізіледі.
Қолға бір рет қолданылатын стерилді қолғаптар киіледі.
Қол жуу – аурудың алдын алудың ең оңай, арзан және қолжетімді тәсілі. Осы әдет тұрақты сақталса, денсаулық мықты болады.
Әрбір адам осы ережелерді күнделікті өмірде ұстанса, қоғамдағы жалпы денсаулық деңгейін жақсартуға үлкен үлес қосады.
Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті