Аурудың көзі және резервуары ауру тек адам, вирус тасымалдаушы және манифесті формамен ауыратын адам.
Берілу механизмі-фекальді-оральді. Тарау жолдары: алиментарлы, ауа-тамшы арқылы, тұрмыстық-контактілік, вертикальді (трансплацентарлы). Адамның осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары, көбінесе балалар ауырады. Мерзімділігі күз-жаз айлары.
Энтеровирусты инфекцияның инкубациялық (жасырын) кезеңі 2-ден 35 күн аралығында, орта есеппен - 2 аптаға дейін.
Инфекция көзі тек адамдар болып табылады. Инфекция ауа-тамшы жолымен (науқастардан), тұрмыстық жолмен (вирус тасымалдаушылардан), тамақ пен сумен жұғады.
Инфекцияның таралу факторларына суару кезінде бейтараптандырылмаған ағынды суларды пайдалану нәтижесінде энтеровирустармен ластанған су, көкөністер жатады. Сондай-ақ, вирус лас қолдар, ойыншықтар және сыртқы ортадағы басқа заттар арқылы таралуы мүмкін.
Энтеровирустық инфекцияның спецификалық емес алдын-алу шаралары: ішек инфекцияларының алдын алудың қарапайым ережесі:
- ауыз су үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;
- әр тамақтану алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуыңыз, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз;
- жемістерді, көкөністерді жемес бұрын оларды щеткамен жақсылап жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю керек;
- тек ресми бекітілген жерлерде шомылыңыз, жүзу кезінде суды жұтпауға тырысыңыз;
- өнімді сауда үшін белгіленбеген орындардан жеке тұлғалардан сатып алмауға.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз!
Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті