Сейсенбі, 19 Қараша 2019 18:54

Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 жаңа медициналық көлікпен толықты

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заман талабына сай жаңа көліктер берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. 

Дамыған елдердің бір жоғары көрсеткіші дер кезінде жететін жедел жәрдем. Бүгінде облыста жедел жәрдем көрсету станциясы мен оған қарасты аудандық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты сала ісі ілгері дамуы үшін бүгін 16 бірдей жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. Жиыннан соң «Газель-NEXT» маркалы автокөліктер облыстық жедел жәрдем станциясының аудандық бөлімшелеріне жол тартты. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алдағы уақытта облыстың медицина саласын қосымша 26 арнайы көлікпен қамту жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1046 рет