Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 11:13

Түркістанда медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен халықтың медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

   Түркістан жоғары медицина колледжінде өткен жиынның ашылуына партияның Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев, аталған қордың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Лаура Сапарбекова мен тиісті мамандары қатысты.

   Шара барысында барлық қазақстандықтарға, оралмандарға және ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделі мен жүйеге қатысушы әр азаматтың алуға құқы бар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пакетіндегі қолжетімді қызмет түрлері жан-жақты түсіндірілді.

   Аталмыш жүйені халыққа түсіндіретін, ортақ ой қалыптастыруды мақсат ететін шара алдағы уақытта да жалғасын тауып отырмақ. Басты назарға алынған тағы бір түйін осы жүйе арқылы жеке меншік медициналық ұйымдардың санын арттыру болып табылады.

 

Оқылды 630 рет