Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 22:37

Түркістан: Өңірдегі медициналық ұйым өкілдері ана мен бала өлімін төмендету тақырыбын талқылады

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетованың қатысуымен өңірдегі медициналық ұйымдардың ана мен баланы қорғау жөніндегі бас дәрігерлері мен емхана дәрігерлері және медбикелер арасында нәрестелер мен балалар өлімін төмендету бойынша жұмыс жоспарлары талқыланды.

 Облыстық балалар ауруханасының медициналық халықаралық технологиялар жөніндегі тренинг орталығының жетекшілері учаскелік мейірбикелер мен дәрігерлерге патронаждың прогрессивты моделін еңгізу барысын түсіндіріп, балаларға жаңа стандарттармен күтім жасау, жазатайым жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Білікті дәрігерлер Кентау, Созақ, Түлкібас, Сайрам және Қазығұрт аудандарында болып, жас аналармен де кездесті.

«Бір жасқа дейін шетінеген балалардың аналарымен сөйлесіп, балаға күтім жасау кездегі туындаған проблемаларды анықтады. Өкінішке қарай, көп жағдайда балаға дұрыс күтім жасау қадағаланбаған жазатайым оқиғалар көп. Сол себепті, бірінші кезекте ата-аналармен тығыз жұмыс жасап, түсіндірме жұмысын жүргізуіміз қажет»,-дейді облыстық балалар ауруханасының педиатр-дәрігері Бекзат Алимов.

Оқылды 472 рет