Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 14:39

Шымкентте автобекеттер жабылды

Шымкент қаласынан індеттің таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалааралық жолдарға қатынайтын автобустар тоқтатылып, автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды. 

Аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн деп кеңес береді. Сонымен қатаравтобекеттердің уақытша жабылуына түсіністікпен қарауға шақырады.

Жалпы, автобекеттердің жабылуына негіз де жоқ емес. Өйткені Шымкент қаласында коронавирус дертімен тіркелген бірінші науқас 18 наурыз күні сағат 17.30-да Нұр-Сұлтан қаласынан «Нұр-Сұлтан-Жетісай» бағытымен жүретін 51 адам мінген автобуспен келген. 20 наурыз сағат 23:30-да 4 азамат Шымкент қаласы «Бекжан» автовокзалынан түсіп, үшеуі Түркістан қаласы бағытына жолға шыққан. Ал біреуін әкесі өз көлігімен үйіне жеткізген. Қалған 47 азамат Жетісай бағытына сол автобуспен сапарын жалғастырған екен.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 532 рет