Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 14:51

Шымкентте дезинфекция жұмыстары күшейтілді

Бұған дейін еліміздің үшінші мегаполисінде коронавирус жұқтырудың 2 фактісі анықталса, республика бойынша жалпы көрсеткіш 109-ға жетті.  Қауіпті індеттің алдын алу үшін төтенше жағдай жарияланып, қазіргі таңда күнделікті тыныс-тіршілік барысында аса қажеттілік туындамаса, тұрғындарға үйінен шықпауға кеңес беріліп жатыр. 

Айта кету керек, елде төтенше жағдай жарияланған мерзімнен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан короновирустың таралуын алдын алу бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Ал дезинфекция жұмыстарын күшейткен Шымкент қаласының әкімдігі күні кеше әскерилердің күшімен ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық орындарды залалсыздандырса, бүгін ауыр жүк көліктерімен көшелерді санитарлық тазалауға кірісті. Жалпы, мегаполистегі 125 көшеге 20 бағыт бойынша 22 техника жұмылдырылып, дезинфекция барысында 208 шақырым қамтылатын болады. Бұл тізімге аялдамаларды залалсыздандыру да енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл әрекеттер індеттің алдын алуда өз нәтижесін берері сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 497 рет