Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 17:08

Шымкент: Тұрғындарға 20 мың медициналық бетперде тегін таратылды

«Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс». Осылай деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ұсыныс айтқан болатын. Осы бастамаға Шымкенттегі «Mega Pharma» компаниясы алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Кәсіпорын өкілдері еріктілермен бірге қала тұрғындарына тегін бетперде таратты. 

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Mega Pharma» компаниясы 20 мыңға жуық масканы қала тұрғындарына таратып берді. Теңдей төртке бөліп, төрт ауданның халық көп шоғырланатын жерлерінде арнайы акция ұйымдастырды. Компания өкілдері бұл акцияны Нұр-Сұлтан қаласында да өткізіп, ол жаққа 50 мың дана медициналық бетперде жеткізгендерін айтады.

«Біздің мақсатымыз Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсету, өзіміздің әлеуметтік борышымызды орындау. Алдағы уақытта бұл акцияны Алматы қаласында өткізу жоспарлануда. Біз нарықта 7 жылдан бері пайдалы өнімдер шығарумен айналысамыз. Және де барша компанияларды қамқорлық танытып, қала тұрғындарына көмек қолын созуға шақырамыз» - дейді «Mega Pharma» компаниясының өкіліИнара Абдраимова.  

Демеушілік көрсеткен «Mega Pharma» ЖШС маскадан бөлек, балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәруменін де таратты. Бетперделер адам көп шоғырланған Арбат демалыс орны мен «Жаңа шаһар» базарында, «Север» сауда үйі маңында, Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратылды.Қайырымдылықшарасы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 510 рет