Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 16:17

Шымкент: Абай ауданында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданында 40 көшені күніне 2 рет «LTD Тұрмыс» мекемесінің 2 техникасы залалсыздандыруда. Сондай-ақ ауданға қарасты 716 үйге №35748 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 4 техникасы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, «LTD Тұрмыс» ЖШС елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп береді. Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарын мұқият орындап, үй карантинінде отыр. Барлық 2856 тұрғынға тұрақты түрде тегін медициналық бетперде таратылу үстінде.

Аудан басшысы 12 ірі сауда орталығы, Шымкент әуежайы мен «Самал», «Бекжан» базарларының және 1 мал базары мен 2 автокөлік базарының, 59 тойхананың, 31 моншаның жұмысы тоқтағанын айтты. Шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 10 шағын базар мен 1054 азық-түлік дүкені күнделікті жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, бақылау шараларының күшейтілгенін де жеткізді.

Аудандағы 252 қоғамдық тамақтандыру орнына қажетті залалсыздардыру құралдарының орнатылып жатқанын айтқан Б.Парманов тиісті талаптарды ескермеген нысандардың қызметіне шектеу қойылатынын хабарлады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 411 рет