Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 16:30

Шымкент: Қаратау ауданындағы көшелер дезинфекцияланып жатыр

Шымкент қаласында коронавирус індетіне қарсы профилактикалық шаралар жалғасын табу үстінде. Дәлірек айтсақ, дезинфекциялау жұмыстары Қаратау ауданындағы Нұрсұлтан Назарбаев және Бәйдібек би даңғылдарында, сонымен қатар Сейдолла Бәйтереков, Төлепбек Назарбеков, Арғынбеков көшелерінде жүргізіліп жатыр

Бұдан бөлек қала аумағы бойынша дезинфекциялау жұмыстары қазіргі таңда саябақтар мен қоғамдық орындарда да үздіксіз жүргізілуде. Мәселен, бұған дейін Арбат алаңы мен «Shymkent Plaza» ойын-сауық кешені аумағын әскерирлер залалсыздандырып шықты.

«Осы орайда елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауларыңызды, көшелерде негізсіз жүрмеулеріңізді тағы да сұранамыз. Аса қажеттілік туындаған жағдайда барынша сақтық шараларын ұстанып, бетперде киюді ескертеміз» - дейді Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы. Әлбетте, бұл шаралардың барлығы тұрғындардың саулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, қысылтаяң шақтан дін аман шығаруды көздейді.

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 465 рет