Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 16:41

Шымкент: Қоғамдық көліктер саны 25 пайызға қысқарды

Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. 

Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қоғамдық көліктер жалпы санынан 25 пайызға қысқартылды, яғни күніне 1023 кесте санынан 760 кестеге дейін азайды. Жұмыс уақыты таңғы 06:00-21:00-ге дейін қысқартылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде медициналық бетперделермен жүру режимі ендірілген болатын. Аталмыш басқарма қоғамдық көлікте және аялдамаларда адамдар арасында қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жеке қорғау құралдарымен жүру қажеттілігін қатаң ескертеді. Жалпы, коронавируске қарсы қалалық қоғамдық көліктерге күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілер мен кондукторлар медициналық бетперде және қолдарына бір реттік қолғап киіп, тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Иә, қоғамдық көліктер қатарының сиреуі қала аумағында тұрғындардың әрлі-берлі шапшаң қозғалуына кері әсерін тигізуі ықтимал, бірақ мұндай жағдайда сала мамандары тығырықтан шығу үшін осындай қадамдарға барып отырғанын ескерген жөн.   

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 465 рет