Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 16:46

Шымкент: 19 сауда орнында, 4 елді мекенде халыққа қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласында енгізілген қосымша шектеу шаралар туралы халықты құлақтандыру жұмыстары 2020 жылғы 29-30 наурыз аралығында ұйымдастырылып, қала аумағында 19 сауда орнын, 4 елді мекенді (Ігілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Жаңаталап), 5 көшені қамтыды. 

Құлақтандыру жұмыстары жалғасын табуда. Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыс күшейткіш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің автокөлігімен адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндіріліп жатыр.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылған. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандырып, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 433 рет