Жұма, 24 Сәуір 2020 18:00

Түркістан: COVID-19 инфекциясын жеңгендер саны 21-ге жетті

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жеңген тағы бір азамат тіркелді. Жетісай ауданы, Жаңа ауыл округінің 1963 ж. тұрғынының соңғы талдама нәтижесі бойынша ол дертінен құлан-таза айыққан.

Науқас Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматпен байланыста болған.

Бүгінгі күнге облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жеңген адамдар саны  21-ге жетті.

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тағы да 7 азаматпен толығып, облыста жалпы 74 науқас тіркелді.

Атап айтқанда, Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 ж. тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды. Ол Ресей Федерациясынан 15 сәуірде Қарағанды қаласына келіп, ары қарай Алматы қаласына барған. 21 сәуір күні Алматыдан Созақ ауданына келген.

Сондай-ақ, Созақ ауданы, Созақ ауылының 1992 ж. тұрғыны мен осы ауданның Құмкент ауылының 2020 ж. туған сәбидің COVID-19індетіне шалдыққаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 1983 ж., 1990 ж., 1992 ж. 1997 ж. тұрғындарынан да вирус анықталды. Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).

Арыс ауданында -17, Кентауда – 6, Мақтаралда – 4, Ордабасы – 4, Сайрамда – 3, Сарыағаш ауданында – 5, Түркістан қаласы – 6, Созақ ауданы – 5, Бәйдібек ауданы мен Қазығұрт ауданында 2 науқастан анықталды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 532 рет