Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылының 1936 ж. тұрғыны мен Ордабасы ауданы, Бадам станциясының 1994 ж. тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды. Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ. Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 109. Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-9, Кентау қаласы -9, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-5, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-13, Бәйдібек-2, Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.
Ал, Арыс қаласының 1970 ж. азаматы мен Жетісай қаласының 1983 ж.тұрғыны дертінен толық айығып, отбасына оралды. Атап өтейік, олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматтың жақын туысы болса, енді бірі 4 сәуір күні қайтыс болған жетісайлық тұрғынның жақын туысы. Соңғы көрсеткіштерге сай, облыста індеттен жазылғандар саны 20-ға жетті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.