Жексенбі, 19 Желтоқсан 2021 21:19

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 18,1 мың адам қайтыс болды

Елімізде коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 17 желтоқсанда ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы вирустан 12 912 адам қайтыс болған. Барлығы тіркелді – 982 915 жағдай, жазылып шыққандар – 952 750 адам.

Сондай-ақ министрлік ақпараты бойынша, 17 желтоқсанда коронавирус белгілері бар пневмонияның жаңадан 13 дерегі тіркелді. Емделіп шықты – 24 науқас. Қайтыс болғандар жоқ. 2020 жылдың 1 тамызынан 2021 жылдың 17 желтоқсанына дейін пневмониядан барлығы 5 195 адам көз жұмды. Ауырғандар – 83 632, жазылып шықты – 75871 адам.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 452 рет