Сәрсенбі, 22 Желтоқсан 2021 10:32

Шымкентте 15 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирустан 35 408 науқас емделіп шықты.

Бүгінде 68 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 61 науқас стационарда, 7-і үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда.

Қала тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу басталды. Осы ретте 14 771 адам ревакцинацияланды.

Сонымен қатар, осы жылдың 15 қарашасынан бастап тұрғындарға "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу жұмыстары басталды. Бұл вакцинасының 1-ші компонентімен 10 860 адамға, 2-ші компонентімен 3 460 адамға егілді. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 480 рет