Сенбі, 21 Шілде 2018 10:30

Шымкент қаласында 339 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайын

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлім етті. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, 40% -ы жылумен қамтамасыз етуге дайын.

Қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Коммуналдық шаруашылық саласының мамандары жұмыстың жоспарлы уақытында аяқталатынын және қала тұрғындары жылу тапшылығын сезінбейтінін айтады.

«Алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары толық деңгейде жүріп жатыр, - дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов. Сондай-ақ: «өткен жылу маусымынан кейін негізгі және ішкі орамдық жылу жүйелеріне қысымдау жұмыстары жүргізілді. Жылумен қамту желілерінде 163 ақау анықталып, бүгінгі күнге дейін оның 49-ы қалпына келтірілді. Аталған жұмыстарды «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорны іске асыруда»,-деді бөлім басшысы.

 «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 10811 рет