Super User

Super User

Шымкенттіктер Конституция күнін атап өтті

Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шымкент: «Ашық есік» күнінде мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен мұқтаж азаматтарға тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастыруға медиатор-заңгерлер, медиатор-психологтар, Полиция департаментінің қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары белсенді атсалысты.

«Ашық есік» күні әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтарға заң тұрғысында және психологиялық көмек көрсету, медиация қызметін ұсыну және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау мүмкіндігі берілді.

Келушілер отбасы құқығы, еңбек даулары, азаматтық және қылмыстық құқық салалары бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, медиатор-психологтар психологиялық қиындықтарға тап болған адамдарға психологиялық кеңес беріп, олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға көмектесті. Құқықтық және жеке дауларды сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешу мақсатында да медиаторлар азаматтарға тегін медиациялық қызметтер ұсынды.

Полиция департаментінің өкілдері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кеңес берді.

Бұл іс-шара әлеуметтік осал топтарды қолдау және қоғамдағы құқықтық, психологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешу бағытында маңызды қадам болды. «Ашық есік» күні мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауда үлкен рөл атқарды.

Ұйымдастырушылар бұл бастаманы тұрақты негізде өткізіп тұруды жоспарлап отыр, себебі қоғамның құқықтық сауатын көтеруде осындай шаралардың маңызы зор.

 

Әділетті Қазақстанды құру - әрқайсымызға байланысты

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жария етті. Заң мен тәртіпті, экономикалық өсім мен қоғамдық оптимизмді арқау еткен саяси құжатта қоғам бірлігі әрқашан алдыңғы орында тұратыны айрықша айтылды.

Шымкентте әлеуметтік әлсіз топтар үшін 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттар биыл жоспардан артық орындалды

Шымкент қаласында биыл әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары бойынша елеулі өзгерістер мен жетістіктер орын алды. Қалада жұмыспен қамту шараларын нақты көрсеткіштер мен мақсаттарға сай жүзеге асырылуда.

Осы RSS каналға жазылу