Осыған орай, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 миллион текше метр көлемді құрайтын «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілген.
Тағы бір мәселе: Қарашық елді мекенінің тұрғындарының басты мәселесі ағын су, ауылдың жанынан қазылып жатқан карьерлердің кесірінен жер асты сулары тартылып жатыр. Сол мәселенің бірден-бір шешімі — ауылдың жанынан тоған салу. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруін сұрайды. «Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде орналасқан «Қарашық-1» кен орнынан құмды қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған карьер, атауы «Kazak Construction Industry» АҚ-ы. Қарашық ауылдық округіндегі бос жатқан мемлекет меншігіндегі жер телімін мемлекеттік сәйкестендіру актісін алмай ҚР жер кодексінің талаптарын бұза пайдаланып отырғандығы анықталып, жер телімінің басында акті түзіліп, Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына шара көру үшін жолданды. Нәтижесінде, зерделеу жұмыстары барысында аталмыш кен орынның №1 учаскесінде (8,5 гектар) учаскесінен тыс 35 202 текше метр пайдалы қазбаны өндіргені анықталды.
Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасы ҚР жер кодексінің 136 және 802 баптарына сай хаттама толтырылып, айыппұл түрінде әкімшілік шара (100 АЕК мөлшерінде) шара көрілді. Осы ретте, жоғарыда аталған кемшіліктерді заң аясында тиісті шаралар қолдану үшін, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы тарапынан Түркістан облысының экология департаментіне хат жолданды. Сонымен қатар, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында №1 н/қ бұйрығымен облысының әкімдігімен «Kazak Construction Industry» АҚ арасында түзілген 2005 жылғы 8 шілдедегі №191 келісімшарттың қолданысын уақытша тоқтатты. Көктем уақытында болатын жауын-шашын, қар сулары мен тасқын суларды тиімді пайдалану және суармалы жерлерді толығымен игеру үшін Қарашық ауылды округінен қосымша 1 су қоймасын салу мәселесі көптен бері туындауда.
Су қоймасын салуға жер рельефі өте қолайлы. Жоғарыда айтылған мәселені ескере отырып, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 миллион текше метр «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді». Сондай ақ тұрғындар: «Қарашық ауылының ішінен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолы түсерде, сол ауылдың ішінен көпір және мал өтетін өткел салынса екен» дейді. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруін сұрайды. Бұл сұрақ бойынша, аудан әкімдігі тарапынан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданып, алдағы уақытта тұрғындарың өтініштері ескерілетіндігін мәлімдеді.
Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жалпы алаңы 2 808,4 гектар жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және жер заңнамасын бұза пайдаланып, Қазақстан Республикасы жер кодексінің 65,92,94-баптарының талаптарын сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесің қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Сауран ауданына қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы туралы айтсақ, Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде жалпы саны 1136 өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жер учаскелері анықталып, 22 тиісті мекемеге шара көру үшін жолданып, 11 жер учаскесі заңдастырылуда.
2023 жылға жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатудан аудандық, ауылдық округтер бойынша 303-101 төлем кодына түсетін түсімдерге келсек, 2023 жылғы 303-101 жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатып алудан түсетін түсім жалпы қойылған жоспар 66 миллион 916 мың теңге, қазіргі уақытта 25 миллион 321 мың теңге бюджет есебіне түскен.
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы да мәлімет бере кетсек. Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округі аумағынан «госреестр» сайтына 4 жер учаскесі ұсынылып, нысаналы мақсатына сай көп пәтерлі тұрғын үйлер 2023 жылы 12 қыркүйекте ойнатылып, 2022-2023 жылдары Үшқайық ауылдық округінен 7 жер учаскесі, Ескі Иқан ауылдық округінен 1 жер учаскесі ойнатылып, жалпы 18 920 666 теңге бюджеттің кірісіне енді.
Енді ортақ жайылым бойынша. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектарды құрайды. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесін меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Орындалуына келсек, мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 903,57 мың гектар жер учаскесін құрады.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік тарапынан жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа жалпы көлемі 891,06 гектар, жалпы саны 8 жер учаскесін қайтару туралы талап қою арыз жолданып, бүгінгі таңда сот өндірісінде қаралуда.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер жіпке тізілгендей бақылауға алынып, қажеттігіне қарай мерзімдері көрсетіліп, шешу жолдары қарастырылды. Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар да арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»