Нәтижесінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мерзімінде әрі сапалы орындау рейтінгісі бойынша Созақ ауданы көш басына орналасты. Айта кетейік, бүгінгі таңда Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін І кезеңіне Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Бағдарламаның ІІ кезеңіне Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері енгізіліп, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 264 азаматтың құжаты мақұлданып, 148 азамат 782,910 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар қарқынды. Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Шолаққорған ауылының «Ақшам» және «Наурыз» мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылға 51 млн. теңге, 2023 жылға 657 млн. теңге қаржы бөлінді. Су тарату нысандарының орындары қоршалып, 30 шақырымға жуық су құбыры траншеяларға тасталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін, Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Жолдардың сапасын арттыру мақсатында осы жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін қажетті қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сондай-ақ, таяуда аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 9 айында орындалуы бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков хабарлап, «Ауыл-Аманаты» бағдарламасы бойынша атқарылған шаралар жөнінде ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов баяндады.
Сондай-ақ аудан басшысы мемлекеттік сатып алу және аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жан-жақты тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды назарға алды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тиісті жұмыстарды дер кезінде үйлестіріп, әрбір іске аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Құрылыс саласы бойынша Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысына 245,5 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 181,3 млн. тенге қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы» жобасына 2 065,0 млн. теңгеге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Биыл республикалық бюджеттен 300 млн.теңге қаралды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шолаққорған ауылынан Ы.Алтынсарин атындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Ыбырай ауылынан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі жанынан 200 орындық жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп көзделуде.
Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылы 19 млрд 671 млн 500 мың теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 429,2 млн теңге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 113,6 млн теңге инвестиция тартылған. Өткен жылы ауданда 14 275 га жерге егіс егілген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы үшін 25 жаңа техника сатып алынған. Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы 62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылған.
2022 жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 мүйізді ірі қара, 288 829 қой-ешкі, 23 656 жылқы, 14 375 түйе, 25 587 құс өсіріліп жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5416 мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Фермерлік шаруашылықтар 3914 қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алды. Ал биылғы I тоқсанның қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд 867 млн 100 мың теңгені құрады. Бұл саланың негізгі капиталына биылғы I тоқсанда 46,6 млн теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ, 11 920 га жерге егіс егілді. Бүгінде 3 техника сатып алынды.
Сондай-ақ Шолаққорған-Түркістан бағытында «Жасыл белдеу» аймағы ұлғайып келе жатыр. Демеушілер есебінен жол бойындағы 3 гектар жерге бүгінге дейін 6 мыңға жуық тал егілген. Тал көшеттері отырғызылған аумақ шарбақтармен қоршалған. Бүгінде өткен жылы отырғызылған тал көшеттері толықтай өніп тұр. Алдағы уақытта ол жерге қосымша бақша дақылдарын егу жоспарланған.
Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылы 1207, биыл 28 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, жалпы саны 4 792-ні құрады. Осы жылы инвестициялық 7 жоба іске асырылады. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру. Осы аталған 3 жоба биыл басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал агроөнеркәсіп саласы бойынша «Атамекен» ш/қ» мен «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару, «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру, ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы биыл аяқталады деп жоспарланған.
Одан бөлек, индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Яғни «Uko-S Star» Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-і техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК өз жұмыстарын жүргізіп отыр. 2021 жылдан өтпелі болып іске асырылған 4 нысанның құрылысы 2022 жылы толық аяқталды. Олар - Жуантөбе және Қаратау ауылдарының әкімшілік ғимаратының құрылысы, Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік ғимаратына қосымша жай құрылысы, Аққолтық елдімекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы. Сондай-ақ, құрылысы жүргізіліп жатқан Созақ ауылындағы спорт алаңы биыл желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал Қаратау ауылында жабық шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, қыркүйек айында ел игілігіне тапсырылды.
Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілді. Шкафты газ реттеу пунктінің орындары дайындалған. Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. 2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елдімекені тұрғындары табиғи газбен қамтылады.
Былтыр жыл басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерін дамытуға арналған әлеуметтік және бизнес бағдарламасын Үкіметке қайта қарауды жүктегені белгілі. «Қазақстанның өңірлері бірдей деңгейде дамып жатқан жоқ. Соның салдарынан кейбір өңірлерде әлеуметтік олқылықтар байқалады. Соңғы күндері болған елдегі жағдай батыс және оңтүстік өңір халқын еңбекпен қамту деңгейінің төмендігін көрсетті. Аталған өңірлерде бала туу деңгейі жоғары, ал экономика өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып үлгере алмай жатыр. Сондықтан да батыс және оңтүстік облыстардың әлеуметтік проблемасы өңірлік емес, ұлттық мәселе болып отыр. Әлеуметтен бөлек, денсаулық сақтау, білім мен мәдениетті де ұмытпау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, білімді ұлт кез келген бәсекелестікке төтеп бере алады. «Осы орайда Үкіметке еліміздің оңтүстік және батыс өңірлері үшін «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» және тағы сол сияқты жеке бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Жалпы, өңірлердің дамуы мен қолдау әкімдерге байланысты», – деген еді.
Шынын айтайық, еліміздің көптеген өңірінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар аз. Тері-жүн өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Ауыл халқы малдың жүн, терілерін қайда өткізерін білмейді. Осы мәселе шешілетін болса, өңірлердің дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар, ауылдардағы инфрақұрылымның жағдайы, ауызсу, жол, шағын қалалардағы көшелердің мәселесі, денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігі, апаттық жағдайдағы мектептер әлі тұр. Өңірлерде несие беру мәселесі де тиісті деңгейде шешімін таппаған. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарды қолдау жетіспейтіні жасырын емес. Көптеген азаматтар өз ісін ашу жолында қыруар құжат жинап, бірқатар кедергілерге кездеседі. Ал кепілдік мәселесін шешу тіпті қиын. Дегенмен, мемлекет өңірлерге әрдайым көңіл бөліп келеді. Әлеуметтік салаға, мектептер, аурухана, жол салуға, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес қаржы бөліп отыр. Бұл жұмыстарды жалғастыру, әсіресе шағын және орта бизнес бойынша ауылдағы азаматтардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау – уақыт талабы.
ҚР Үкіметінің өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында алдағы 5 жылда үш жарым мыңға жуық ауылды жаңғырту жоспарланыпты. Бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымға мән берілмек. Яғни сапалы ауызсу, жарық, жылу, жол желілері, мектептер, ауруханалар салынады. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына 1,3 трлн теңге бөлінген. Қыруар қаржы! Соның басым бөлігі, яғни 900 млрд теңгесі ауылдағы ағайынды жарылқауға жұмсалмақ. Осы орайда таяу 7 жылда негізгі басымдықты «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға салу көзделген. Бұл шамамен 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсартатын болады. Бұл шамамен ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды.
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде еліміздегі республикалық маңызы бар ірі қалалардың саны бірден үшке дейін жетті. Бұрын ірі қала санатында Алматы ғана болса, қазір миллион тұрғыны бар қалалар қатарына Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары қосылды. Сумен қамту индикаторы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Атырау, Маңғыстау облыстарына тиесілі. Алайда ауылдық елдімекендерде әлі де шешімін күткен проблемалар жетерлік. Ең төменгі көрсеткіштер Павлодар, Қостанай облыстарында тіркеліп отырған көрінеді. Қазіргі уақытта барлық өңір жіті бақылауға алынған. Жаңа бағдарлама бойынша қаражаттың басым бөлігі осындай өзекті мәселелері көп өңірлерге бөлінеді деп жоспарланғаны қуантады.
Аудандағы барлық санатта 37123 бас мүйізді ірі қара, 256353 бас қой-ешкі, 24684 бас жылқы, 13452 бас түйе, 32594 бас құс өсірілуде. 2020 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 102,2 пайызға (36315 бас), қой-ешкі 100 пайызға (256248 бас), жылқы 109,3 пайызға (22583 бас) өссе, түйе 13650 бас, құстар 32 780 басты құрады.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында барлығы 40 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2743 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Қарақұр ауыл округінен жеке кәсіпкер Жасұлан Омарбек 70 млн.теңге өз қаржысына Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен 250 бас «Калмык» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып алды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1700 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, азаматтардың өз қаражаты есебінен 885 бас түйе аналығы және қойдың 1230 аналық басы несиелендіру жолымен сатып алынды.
Келесі салмақты сала кәсіпкерлік. Осы бойынша аудан көлемінде былтыр 405 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 362-ге жетті. Жобаларды қаржыландыру бойынша «Ырыс» МКҰ арқылы 25 жобаға жалпы сомасы 90,9 млн. теңге; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы арқылы 57 жобаға 204,3 млн. теңге; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ТО бойынша филиалы арқылы жалпы сомасы 8 жобаға 64,0 млн. теңге, барлығы 65 жобаға 268,3 млн. теңге несие берілді. Кәсіпкерлік қызметке баулу, микрокредит алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 180 адам оқытылып, 174 адам сертификаттарын қорғады. Оның ішінде 70 адам 653 млн.теңге грант иегері атанды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1 жобаға («Дархан-Ас» ӨК) жалпы сомасы 22 млн. теңге несие берілді.
Құрылыс саласы бойынша ауданда былтыр 843,3 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 100%-ын құрады. Аудан көлемінде 2021 жылы 8 нысанда құрылыс жұмыстары басталып, 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар Шолаққорған ауылы Ақшам мөлтек ауданын жарықтандыру құрылысы, С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражайының құрылысы, Қарақұр ауылындағы 75 орындық мәдениет үйі, Шу ауылы әкімі аппаратының ғимаратының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 нысанның Жуантөбе, Қаратау ауылы әкімі аппараттарының ғимараты, Аққолтық елді мекеніндегі 75 орындық мәдениет үйі, Шолаққорған ауылы С.Қожанов көшесіндегі екі қабатты әкімшілік ғимаратына қосымша жай (военкамат) құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталды.
Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газбен жабдықтау жұмыстарына 2021 жылы 1 млрд. 45 млн. 232 мың теңге бөлініп, 150-ге жу-ық көшеге газ құбырлары жүргізілген. Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 35 елді мекеннің (54259 адам) 28-і (халық саны 60 690 (97%)) орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 7 елді мекенге (Созақ, Шақырық, Теріскей, Шолаққорған, Қозмолдақ, Қарақұр, Қаратау) ауыз су сағатпен берілуде, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген (халық саны 2087) (3%). Сондай-ақ, жер асты су қоры бекітілген Балдысу, Қарабұлақ, Саржаз, Басбұлақ және Шақырық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлену жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік саладағы кешенді жоспарды іске асыру аясында 3409 адамды қамту жоспарланса, 3108 адам қамтылып, жоспар 91,2 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бойынша – қысқа мер-зімдік курстар бойынша ауылдық округ, кент әкімдіктерінен оқуға ниет білді-рушілер бойынша тізім жасақталып, 60 адамды оқыту жоспарланып, жергілікті бюджеттен 13 млн. 550,0 мың тенге қаржы қаралып, 2021 жылы 60 адам қысқа мерзімді оқуға жіберіліп, 59 адам оқуын аяқтап, мамандағы бойынша тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 26,5 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 3 трансформаторды ауыстырады. Ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылады, жаңа трансформаторлар орнатылады. Биыл жергілікті бюджеттен қосымша 362 млн. теңге қаржы бөлініп, 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық маңызы бар Шолаққорған - Созақ, Созақ - Қарағұр, Шолаққорған - Құмкент жолдарының 152 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев абаттандыру, елді мекендерді таза ұстау мәселелеріне ерекше назар аударады. Аудан аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары үнемі бақылауда болуы қажет. Бұл жергілікті әкімдердің жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Тұрғындарды да осы жұмыстарға атсалысуға шақырамын.Тазалықты алдымен өзімізден бастасақ, шеттен келетін қонақтарға да дұрыс көзқарас қалыптастыратын боламыз. Былтыр демеушілер есебінен Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс жолының бойында 3,2 гектар жер телімі қоршалып, 3,5 мың көшет отырғызылған болатын. Көгалдандыру аймағына тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Биыл бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, қосымша 1,6 га жер теліміне 2 мың түп көшет отырғызылды. Жалпы, биыл аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 18 670 көшет отырғызылды,-деді өзі сөзінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауданда орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер демеушілігі есебінен соңғы үш жылда 1,3 млрд. теңгеге бірқатар нысандар бой көтерді. Екі мешіт салып берді. 6 балалар алаңшасын, 5 спорт алаңын салып, 12 көшені жарықтандырды. 15 нысанды абаттандырып берді. Созақтықтар аз қамтылған көп балалы отбасыларға 11 үй сыйлады. Солардың бірі осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде баспана сұраған мүгедек әйел бүгін арнайы алғыс айту үшін келді. Оған жергілікті кәсіпкер баспана сыйлаған.
Созақ ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібін жандандырып отырған азаматтардың саны күн санап артуда. Соның бірі – Созақ ауылының тұрғыны Жамила Айдарбекқызы. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасының 6-бағыты негізінде үй іргесінен жүн, мақта өнімдерін қайта өңдеп, қолданысқа дайындау және тігін саласын жандандыру мақсатында 5 200 000 теңгеге жеңілдетілген несие алды. Кәсіпкер ол қаражатқа заманауи үлгідегі тігін құралдарын сатып алып, бүгінде өзінің «Елжан цехын» дөңгелетіп отыр.
«Бұл саланы осыдан 15 жыл бұрын үйреніп, 10 жылға жуық басқа кәсіпкердің қарамағында жұмыс істедім. Соңғы 5 жылда өз алдыма бөлек тігін машинасын алып, жеке кәсібімді бастадым. Қолданыстағы тігін машиналарым ескі болғандықтан жұмысым баяу болды. Уақыт өте бұл салада кәсіби маман ретінде жұмыс істеуді ұйғарып, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, заманауи үлгідегі тігін құралдарын алуды шештім. Небәрі 20 күннен астам уақытта несиеге қол жеткізіп, қажетті құралдарды арнайы тапсырыспен алдырдым. Нәтижесінде, жұмысым едәуір жеңілдеп, бұл салаға қызығушылығым арта түсті. Бүгінде сұраныстың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар тарапынан түседі. Халықтың арқасында табыс тауып отқан соң барынша сұранысқа сай үлгеріп, көптің көңілінен шығуға тырысамын», – дейді кәсіп иесі.
Жалпы, қазіргі таңда ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша – 269 азаматтың құжаты қабылданды. 208 азаматтың құжаттары 1 147, 225 млн. теңгеге мақұлданып, 169 азамат 928, 560 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Айта кетсек, биылдан бастап республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие беріліп жатыр. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков пилоттық жобаның өзектілігін ескеріп, ұдайы арнайы лездемелік жиындар өткізіп келеді.
Жиында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаны ұтымды пайдалану мақсатында ауыл округ әкімдері мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары түрлі бағытта жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыстан арнайы жұмысшы топ келіп, шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықпен кездесулер өткізді. Жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, несиенің алу жолдарын түсіндірді.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде ауданда Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 62 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 42 азаматтаң құжаты 187,700 миллион теңгеге мақұлданып, 13 азамат 61,0 миллион теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бағдарламаның екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда кооператив мүшелері тіркелу үстінде. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта қолға алынды. Республикалық бюджеттен өңірге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді. Жобаны іске асыру нәтижесінде: 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, отбасылардың орташа табысы 1,5 есеге өседі, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға азаяды, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 10%-ға ұлғаяды деп күтіліп отыр.
Жалпы, бүгінде Созақ ауданында шаруа қожалықтарын өркендету, оның ішіндегі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту күн тәртібінен түскен емес. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков халықпен есептік кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып келеді.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлініп жатыр. Бірнеше шаруа қожалықтары жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер ауыл округтер мен елді мекендерді аралап, субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Созақ ауданы мал шаруашылығына қолайлы аймақтың бірі болғандықтан, жылдан-жылға мал басының саны артып келеді.
Бүгінде жұмысын жандандырып отырған қожалықтың бірі — Созақ ауылындағы “Балтабай” шаруа қожалығы. Қожалық 2005 жылы құрылған. 2018-2019 жылдары мал бордақылау алаңын салып, ет өндіру бағытына басым бағыт берген. Заман талабына сай соғылған жайдың сыймдылығы 250 бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Арнайы мал сою алаңы, қора жай, мал азығын сақтайтын орын бар.
Шаруа қожалығы төрағасы Темур Балтабаев: «Біздің шаруа қожалығының басым бағыты – мал басын көбейтіп, ет өнімінің сапасын арттыру. Мұнда жылына 250-300 тоннаға жуық ет өнімін өндіреміз. Бүгінде шаруа қожалығында 26 адам жұмыспен қамтылуда, — дейді.
Негізі, мал шаруашылығының дамуы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы орында келеді.
Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша да облыс — республикада көш басында. Ірі қара мал етінің үлесі 85%-ды, ұсақ мал етінің үлесі 60%-ды құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілген екен.
Атап өтейік, Созақ ауданының ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-ші тоқсанында 46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. 2022 жылы аудан бойынша 14 275 гектар егіс егіліп, тапсырма 103 % орындалды. Оның ішінде: 285 гектар бидай, 1 016 гектар арпа, 817 гектар жүгері, 1 227 гектар мақсары, 508 гектар картоп, 504 гектар көкөніс, 504 гектар бақша, 2 500 гектар жаңа жоңышқа, 6 914 гектар өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды. Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды.
Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 гектар, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 гектар, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 гектар, барлығы 62 гектар аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. 2022 жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 бас мүйізді ірі қара, 288 829 бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде.
2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас), қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594 бас) орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.
Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған.
Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Сондай-ақ егістік жер игеру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың I-ші тоқсанында 11 920 гектар егіс егіліп, тапсырма 83 % орындалды.
Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді. Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды. Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн. теңге қосымша бөлінген болатын. Осы орайда, «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды. Біздің ауданнан қосымша Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары қатысатын болады. Аудан экономикасына 2022 жылы 61 млрд. 214 млн. теңге инвестиция тартылып, 2021 жылмен салыстырғанда 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 млн.теңгеге артқан.Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанының қорытындысымен ауданда 121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға немесе 11 млрд. 371 млн. теңгеге артқан.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат