Бейсенбі, 16 Қараша 2023 15:08

Түркістан: облыс әкімі кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды қадамдарын ұсынды

Түркістан өңірінде жиһаз кластерін қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Нарықтық бәсеке арқылы кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарыққа бет алудың маңыздылығын түсіндірді.Кездесу барысында Сауран ауданындағы жаңа жобалар таныстырылды. Бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Кәсіпкерлер өз кәсіптерін кеңейту мен ілгерілету бағытында кездесіп отырған кедергілер мен туындап отырған мәселелер туралы жеткізіп, қолдау сұрады.

Өз сөзінде аймақ басшысы кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жеңілдіктердің аз еместігін жеткізіп, олардың нәтижесін тілге тиек етті. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын айтты.- Түркістан өңірінде кәсіпкерлікті әрі қарай дамытып, жаңа деңгейге көтерудің маңызы зор. Бұл орайда жаңа жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде ашықтық пен айқындылық ұстанымын ұстанып, өз кәсібін дамытуы керек. Өңіріміздегі кәсіпкерлердің креативті идеялар мен ұсыныстарын қолдаймыз. Бәсегеге кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарыққа бет алу өте маңызды, - деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты.- Сіздердің бастамаларыңыз туралы үнемі хабардармын. Бізде жиһаз кластерін барынша дамытуға мүмкіндік мол. Қытай сапарынан кейін өздеріңізден жақсы бастамалар күтеміз. Ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеспен тікелей байланысты болғандықтан саяси реформаларды бірлесе жүзеге асыру керекпіз. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осыған орай бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын, - деді облыс әкімі.

Кездесуде кәсіпкерлер субсидия алу, жер телімін бөлу, электр жарығы тарифінің бағасын түсіру, инфрақұрылым жүргізу сынды мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысқан мемлекеттік органдар мен монополист кәсіпорындардың басшылары кейбір сұрақтарға сол жерде жауап беріп, қажетті кеңес берді. Басқосу ашық пікірталас түрінде өтті. Кәсіпкерлерді толғандыратын сұрақтар талқыланып, оларға заң талаптары бойынша түсіндірілді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» бүгінде өңір тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру болып табылады. Осы негізде өңір кәсіпкерлеріне айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны байқалады. Атаулы бағдарламалар арқылы қолдаудың маңызын түсіндіру үшін тиісті сала басшылары облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізді. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы өңірде біршама жаңа жұмыс орындары ашылуда.Енді бір сөзбен айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» т.б. бағдарламалар жайлы толық тиімді және өңірдің дамуы мен кәсіпкерлердің өркендеуіне тың серпін болады.

Аталған бағдарламалары кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру инструменттері қаралған. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтерге жататын жобалар аталмыш бағдарламаға қатысушы болып саналады. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асқан сәтінен бастап 46 млрд. теңгені құрайтын 321 жоба қолдау тапқан.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қолдаулардың бір түрі несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау болып табылады. Экономиканың басым секторларында өзінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер осы бағдарламаға қатысушы бола алады. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Бағдарлама бойынша 2022 жылдың 6 айында 9,6 млрд. теңгені құрайтын 274 жеңілдетілген несиелер берілген. Анықтап айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттырып, шығарған өнім көлемін арттыруға үлкен үлес қосуда. 2021 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті.

Жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ақысыз негізде жүргізеді. Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар қазіргі таңда өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан алғашқы орыннан көрінуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда өңі алғашқы үштіктен орын алады. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге үлкен үлес қосуда. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жеткен. Сәйкесінше, кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемінің артуы ондағы жұмыс жасайтын адамдар табысының артуына септігін тигізеді.

Кәсіпорын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге мүмкіндік  зор. Түркістан шаһарында зауыт, фабрикалардың салынуы қала экономикасына оң ықпалын тигізіп, сонымен қатар азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ақиқаты барлық ұсыныстарды қарастырып, ұтылмаудың жолдарын да зерттелінеді. Бұл шаралар бизнесті қолдау және қаржыландыру шараларының қолжетімділігін арттыратынына, сондай-ақ бизнестің ел экономикасына үлесін көбейту мүмкіндігін тудыратынына сенім мол.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 173 рет