– «Бадам» индустриалды аймағында инвестициялық құны 21 млрд 234 млн теңге құрайтын 439 жұмыс орны бар 6 кәсіпорын орналасқан. Жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі «Gold Aluminum» ЖШС – алюминий профильдерін өндіру жобасы. Инвестициялық құны 3 млрд теңгені құрайтын бұл жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу үстінде. Кәсіпорын жыл соңына дейін 100 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады. Сондай-ақ, «RZN» ЖШС - автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Биыл желтоқсан айында 25 жұмыс орнымен іске қосылады. Бұл жобаның инвестициялық құны - 1,5 млрд теңге. Сондай-ақ, инвестициялық құны 400 млн теңгені құрайтын тағы 2 жобаның құжаттары рәсімделуде, - деді Азат Әбдіғалиұлы.
Ауданда бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға биыл 9 айда 28 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда, инвестициялық құны 10 млрд теңгені құрайтын 9 жоба 302 жұмыс орнымен іске асырылуда. Жалпы, бюджеттік инвестициялардың үлесі - 21,4%, жеке инвестициялардың үлесі - 78,6% құрап отыр.
Одан бөлек, ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102,2 млрд теңгені құраған. Оның 59%-ы — ауыл шаруашылығына, 24,8%-ы — өнеркәсіпке, 8,5%-ы — саудаға, 7,7%-ы —құрылысқа тиесілі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында 55,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген.Айта кетейік, ауданда 57 елді мекеннің 51-і сапалы ауыз сумен, 9-ы табиғи газбен және толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ауданда инвестициялық құны 10,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны іске асырып, 328 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Биыл 6 айда 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 72 жұмыс орны ашылды. Екінші жартыжылдықта құны 9,6 млрд. теңгеге 6 жобаны іске қосу жоспарлануда.Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 27 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған. Индустриялды аймақта 1 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда ауданға 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, құрылған жұмыс орындарының саны 150-ден асады.
Ордабасы ауданында жалпы саны 10 ауылдық округ, 57 елді мекен орналасқан. Бүгінгі таңда аудан халқының саны 128 049 мыңға жетіп отыр. Аудандағы жалпы өңірлік өнім 2023 жылғы көрсеткіш бойынша 140,9 млрд. теңгеге жетеді деп күтілуде. Былтырғы 2022 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі көрсеткіштерінің барлығынан өсім орын алды. Жалпы өңірлік өнім 130,4 млрд. теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%1 құрады. 2023 жылдың 3 айында 21,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың 3 айымен салыстырғанда 1 12,7% құрап отыр. Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша өнімінің көлемі 2022 жылы 32,5 млрд. теңгеге өндіріліп, өсім 2,4 млрд. теңгеге жеткен (НКИ 100,8%). Ал биылғы жылға өнім көлемін 36,4 млрд теңгеге (НКИ 104,0%) жеткізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп саласында 8,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,8% құрады. Ордабасы ауданына тартылған инвестиция көлемі 2022 жылы 34,0 млрд. теңгені құраса биыл 2023 жылы 37,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 5 жобаға 5,1 млрд. тг. қарастырылып, нәтижесінде 140 жаңа жұмыс орны ашылды.
Атап айтар болсақ,
«Bokei» ЖШС-ң автоматтандырылған қыш зауыты, құны 3,6 млрд.тг., 30 жұмыс орны,
«Green Technology Industries» ЖШС ІІ кезені синтепон талшығын өндіру, құны 200 млн.т, 50 жұмыс орны;
«Aysyltan Group» ЖШС-ң қыш зауыты, құны 500 млн.т, 30 жұмыс орны;
ЖК «Бибитжан» қыш зауыты, құны 204 млн.т, 20 жұмыс орны;
5. ЖК Нұржановтың жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы, құны 600 млн.т, 10 жұмыс орны.
Биылғы жоспар бойынша жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны 257 жаңа жұмыс орнымен іске асыру жоспарлануда.
1.«Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,5 млрд.т., 30 ж.о, 2023 ж. ІІ-тоқсан,
«Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,0 млрд.т., 50 ж.о, 2023 ж. ІІ-тоқсан,
«ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, құны 500,0 млн.т., 25 ж.о, 2023 ж. ІІІ-тоқсан
4.«Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару, құны 3,0 млрд.т., 100 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан,
«RZN» ЖШС газоблоқ бұйымдарын өндіру, құны 1,5 млрд.т., 40 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан
«Ордабасы Сапар» орталығы, туризм саласы, құны1,0 млрд.т., 12 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан.
Және бұл көрсеткіш 2023 жылдың 3 айында ауданға тартылған инвестицияның 4,1 млрд. теңгені құрайды.
Ордабасы аудандағы индустриалды аймақта құны 21,3 млрд.теңгені құрайтын, 310 жұмыс орнын қамтитын, 6 жоба орналасқан. Нақтырақ айтар болсақ:
«KazKioti» трактор жинау зауыты»ЖШСтрактор жинақтау зауыты. Құны7,2 млрд.т, 2015 жылы іске асырылған. 20 адам жұмыспен қамтылған. «KarlsKrona LC AB» ЖШСболат құю зауты. Құны 2 млрд. 725 млн.т, 2016 жылы іске асырылған. 30 адам жұмыспен қамтылған. «Green Technology Industries» ЖШС — полиэтилен қалдықтарын өңдеу зауыты. Құны 5 млрд. 985 млн.т, 2018 жылы іске асырылған. 10 адам жұмыспен қамтылған. «Александровский сад» ЖШСкөкөніс сақтау қоймасы. Құны 824 млн.т, 2020 жылы іске асырылған. 10 адам жұмыспен қамтылған. «Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару. Құны 3,0 млрд..т, 2023 жылы іске асырылады. Ашылатын жұмыс орын 100. |
«RZN» автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Құны1,5 млрд. т, 2023 жылы іске асырылады. ашылатын жұмыс орыны 40.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді тарту мақсатында аймақтың жерін 303 га ұлғайту жоспарлануда. Ол үшін алдағы уақытта жалға берілген 2,8га (1 жер телімі)және жеке меншіктегі 300,2 га (5 жер телімі) қайтару жұмыстары жүргізілмек.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат