Оның ішінде; трансферттер 2 млрд. 459 млн. 385 мың теңге, өзіндік кірістер 7 млрд. 549 млн. 459 мың теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 9 млрд. 363 млн. 347 мың теңгені құрап, 99,4 пайыз игерілді. 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 100% орындалды. 10 га қарқынды бау егіліп, тапсырма 100% орындалды. 8 дана 500 бастан жоғары отбасылық құс фермалары ашылып, 33% орындалды (жоспар 24 ферма). Сонымен қатар, 7 604,2 тонна ет, 11 858,3 тонна сүт, 1 866,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда мүйізді ірі қара 41 777 бас, майда мал 324 842 бас, жылқы 32 440 бас, түйе 16 027 бас, құс 38 637 басты құрады.
Ауданда негізгі капиталға 485,8 млн.теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 34% орындалды (жоспар 1 366,2 млн тг). Тамақ өндірісіне 134,2 млн теңге инвестиция тартылып, 51% орындалды (жоспар 261,7 млн). 14 390 га егістік жер игеріліп, 100,6% орындалды, (жоспар 14 300 га). 5,2 га жерге тамшылатып суару әдісі енгізіліп, 104% орындалды (жоспар 5 га). 20 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 67% орындалды (жоспар 30). 40 га жерге жаңбырлатып суару әдісі ендіріліп, 24% орындалды (жоспар 164 га).
Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер 716 948 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 70945 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) 2 016 809 гектар, орман қорының жерлері 1 034 898 гектар, су қорының жерлері 3245 гектар, елді мекендердің жерлері 261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 799 гектар. «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 120,0 мың га жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша Облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2023 жылдың 7 айында 58261 га жер учаскесі аудан қорына қайтарылды.
Созақ ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 122 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 94 азаматтың құжаты 478,2 млн. теңгеге мақұлданып, 72 азамат 335,65 млн.теңге жеңілдетілген несие алды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 72 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 57 азаматтың құжаты 326,96 млн. теңгеге мақұлданып, 19 азамат 112,21 млн.теңге жеңілдетілген несие алды.
Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін республикалық бюджеттен 575 млн 754 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 380 млн 226 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Газдандыру жұмыстары бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% көмілген. АГТС қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргізілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. 2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд. 202 мың 719 теңге қаржы бөлінді. 2023 жылдың наурыз айында 353 млн.тг аванс төленді. (АГТС қондырғылары дайындалуда) Қалған 411 млн. 221 мың теңге бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады. 2021-2022 жылдар аралығында 175 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3500 абонентке газ құбыры жүргізілді.
Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен) 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге (Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдық) кестемен берілуде. «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2022 жылға 51,0 млн.тг, 2023 жылға 657 млн.тг қаржы бөлініп, су тарату нысандарының орындары қоршалып, 30 шақырымға жуық су құбыры траншеяларға тасталған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жоба құны – 1 млрд 547 млн 373 мың теңге.
2023 жылға қалған 345 млн 234 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың сәуір айында 142 млн. 047 мың. теңге қаржы игерілді. Үстіміздегі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. Республикалық бюджеттен: «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысына» – 250,5 млн. тг (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 24.07.2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды. Бүгінгі күнге нысанды құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» (сыртқы инженерлік желілер) – 245,5 млн. тг бөлініп, бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды аяқтау мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы деп жоспарлануда.
«Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» – 181,3 млн. тг. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысына» – 2 065,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 300 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» – 9 205,3 мың тг. Жобалық-сметалық құжаттамасына сараптама қорытындысы алынғаннан кейін республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын болады.Жалпы аудан бойынша 35 мектеп, 37 балабақша (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік) жұмыс атқаруда. Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 1 540 бала мектепке қабылданып, жалпы 15 433 оқушыны құраған болатын.
Ұлттық жобалар шеңберінде 2 655 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 72 пайызға орындалды (оның ішінде: «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 130 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланып, бүгінгі күнге 60 жаңа жұмыс орны ашылды; «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы бойынша 1281 жұмыс орны ашылу жоспарланып, 1241 жұмыс орны ашылды; 1371 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 704 адам жолданды;
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 714 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 590 жаңа жұмыс орны ашылды). Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. 2023 жылы 1 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат