Жексенбі, 05 Қараша 2023 14:01

Созақ ауданы: индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылуда

Созақ ауданында халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ, экономикалық белсенді тұрғындардың санын көбейту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, Созақ ауданы көлемінде биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жеткен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды.  Аудан көлемінде 2023 жылдың I-тоқсанында  28  жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетті.

Ауданда қазіргі таңда индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star»  Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК  өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар.  Осы индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылуда. Онда 98 адам жұмыспен қамтылған.

Биылғы жылға инвестициялық  7 жоба іске асырылатын болады.  Осы жобалар іске асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Атап айтсақ өңдеу өнеркәсібі саласындағы  «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру, осы аталған үш жоба 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.  Ал агроөнеркәсіп  саласындағы «Атамекен» шаруа қожалығы жаңбырлатып суару, «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару,  «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру,  ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы аталған төрт жоба үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-тоқсанында  46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. 2022  жылы аудан бойынша  14 275 га егіс егіліп, тапсырма  103% орындалды. Оның ішінде: 285 га бидай, 1 016 га арпа, 817 га жүгері, 1 227 га мақсары,  508 га картоп, 504 га көкөніс, 504 га бақша, 2 500 га жаңа жоңышқа, 6 914 га өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды. Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды.

Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы  62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды.  2022 жылдың қорытындысымен  барлық  санатта  35 445 бас  мүйізді ірі қара, 288 829  бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде.

2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас),  қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594  бас) орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы  аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.

Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған. Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Сондай-ақ егістік жер игеру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың   I-тоқсанында  11 920 га егіс егіліп, тапсырма 83% орындалды. Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

2021 жылдан өтпелі болып іске асырылған 4 нысанның құрылысы 2022 жылы толық аяқталды, олар:Жуантөбе ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы Қаратау ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік (военкомат) ғимаратына қосымша жай құрылысыАққолтық елді мекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы. Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың қорытындысымен 103,7 %  болып орындалды.

 «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді. Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды.Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн.  теңге қосымша бөлінген болатын. Осы орайда, «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды. Біздің ауданнан қосымша Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары қатысатын болады.

Аудан экономикасына 2022 жылы 61 млрд. 214 млн. теңге инвестиция тартылып, 2021 жылмен салыстырғанда 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 млн.теңгеге артқан.Ағымдағы жылдың I-тоқсанының қорытындысымен ауданда  121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға немесе 11 млрд. 371 млн. теңгеге артқан.2022 жылдың қорытындысымен ауданда 555 млрд. 496 млн.  теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 122,4 пайызға немесе 101 млрд. 672 млн. теңгеге артқан.Сонымен қатар, аудан экономикасына 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан.

2022 жылдың қорытындысымен үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 19 млрд. 671 млн. 500 мың теңге болып, 2021 жылмен  салыстырғанда 2 млрд. 33 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 103,2% құрады.   Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2022 жылдың қорытындысымен 429,2 млн. теңге инвестиция тартылып, тапсырма 107,3 % орындалды.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн. теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, 2022 жылдың қорытындысымен 113,6 млн теңге инвестиция тартылды. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болып, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» нысаны іске асырылуда. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы, Қазақстан көшесінен жабық шағын футбол алаңының құрылысы» нысанын жүзеге асыру басталды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Созақ, Таукент, Жартытөбе және Жуантөбе ауылдарында Беккери шұңқыры» және «Қаратау, Қыземшек, Шу ауылдарында мал өлекселерін тастайтын шұңқыры құрылысы» нысандарын 2023 жылы бастап, аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 «Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыс жобасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100 % көмілген. АГТС  қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргзілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды.

2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралып,  2023 жылдың наурыз айында 353 млн. теңге аванс төленді (АГТС қондырғылары дайындалуда). Қалған қаржысы 2024 жылға бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады.

Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2022 жылдар аралығында 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілді. Шкафты газ реттеу пункітінің орындары дайындалған. Ағымдағы жылы  құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. 2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекені тұрғындары табиғи газбен қамтылатын болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 221 рет