- Тарихы терең, табиғаты тамаша, ел арасында «Кіші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданында өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда 447 млрд. теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Атап айтқанда, «Састөбе» инновациялық кешені жылына 100 тонна каустикалық сода, 1 млн. тонна цемент өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Ауыз су және алкогольсіз сусындардың өндірісі іске қосылады. Жылына 2 мың тонна күркетауық етін өндіру және өңдеу жоспарлауда. Нәтижесінде 3 мың 635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 128 млрд. теңгеге, салық түсімдерін 13,5 млрд. теңгеге арттыру көзделуде. Былтыр ауданда 408 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 806 жұмыс орны ашылды,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 89 млрд. теңгені құраса, биыл 6 айда 36,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бюджеттің өзіндік кіріс көлемі артты. Өнеркәсіп өнімі былтыр 16 млрд. теңгеге жетсе, Биыл 6 айда 7,7 млрд. теңгені құрады. Жыл соңына дейін негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 20,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Түлкібас ауданының брендіне айналған 3 мың гектар алма баулары бар. Оның ішінде 664 гектар - қарқынды бау. Қарқынды бауды дамыту нәтижесінде былтыр 32 мың тонна өнім жиналса, биыл оның көлемі 33 мың тоннадан асады. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің өнім көлемін 51 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Алдағы үш жылда жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды.
Былтыр ауданда 2 жаңа мектеп салынды. 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше білім ұяларында жөнделіп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Рысқұлов, Састөбе кентінде 2 мектеп салынбақ. 4 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жүргізілуде.
Түлкібас ауданы инфрақұрылымы толық дамыған аудандар қатарында. Жаңа тұрғын үйлердің құрылысына инфрақұрылым тарту жұмыстары биыл қолға алынды. Аудан тұрғындарының 99,8%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тозығы жеткен ауыз су құбырларына қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің осыған дейінгі түлкібастықтармен кездесуі кезінде көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Атап айтқанда, Машат ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу үшін 595 млн. теңге қарастырылып, құрылыс толығымен аяқталды. Су құбырлары ауыстырылып, тасжолдар төселді. Ауыз су жүргізу жұмыстары жүргізіліп, ішкі көшелер жөнделуде. Түлкібас кентіндегі мектепті жөндеуден өткізуге қаржы қаралды. Спорт кешені мен интернаттың сәулет-жоспарлау құжаттары дайындалуда.
Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9 мыңға жетіп, оларда 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түлкібас ауданы бойынша былтыр 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 158 жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті төмендетіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ, ауданда 51 мектепке дейінгі ұйымдар және 61 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Тұрар Рысқұлов ауылындағы 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылысына 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Бақыбек мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектеп құрылысына 1,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауылындағы 150 орындық Тұрсынбеков атындағы негізгі мектебінің құрылысына 756 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аманкелді мектебінің қосымша корпусының құрылысына 214 млн. теңге толық қаралды. Сондай-ақ, 100 орындық Абайыл негізгі мектебінің құрылысына 269 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Кершетас ауылындағы Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 238 млн. теңгеге жөңдеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Түлкібас ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының декомпозициясы 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша негізгі индикаторларға мониторинг жүргізіліп, 63 нысаналы индикатор көрсеткіштер жоспары 95,2% орындалып, оның ішінде 3 нысаналы индикатор көрсеткіштері орындалмады.Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы: 5 нысаналы индикатордың біреуіне не қол жеткізілмеді, атап айтқанда:1) Негізгі капиталға инвестициялар алдынғы жылға нақты өсу қарқыны, жылдық жоспар 142,0% - орындалғаны 134,9% (18 566,4 млн. теңге);Ауыл шаруашылығы саласы: 9 нысаналы индикатор көрсеткіштің 1-не қол жеткізілмеді, атап айтқанда:1)Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі жылдық жоспар 3 752,0 мл.теңге - орындалғаны 3 564,5 млн. теңге;Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі жылдық жоспар 51 125,0 млн. теңге болса орындалғаны - 55 031,8 млн. теңге жоспар 3 906,8 млн. теңгеге артық орындалғанымен НКИ 99,0% құрады. Құрылыс саласы: 1 нысаналы индикатор көрсеткіштің 1 не қол жеткізілмеді, атап айтқанда: пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы жылдық жоспар 28,6 мың ш.м - орындалғаны 27,4 мың ш.м. құрап отыр.
Кездесуде облыс әкіміне Түлкібас ауданының тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өз өтініштерін жеткізді. Түлкібастықтар өңір басшысынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау алудың жолдарын сұрады. Мектеп, балабақша, спорт алаңын салып беру, ішкі жолдарды жөндеу, жайылым және жарықтандыру мәселелерін көтерді. Жеңілдетілген жанар-жағармай мен тыңайтқыш тапшылығы туралы айтты. Сонымен бірге тұрғындар қоқыс полигонынан зардап шегіп жатқанын жеткізді. Облыс әкімі халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, аса қажетті деген салалардың ең бірінші кезекте қаржыландырылатынын атап өтті.
Аудан әкіміне жекеменшік мектеп, спорт нысандарын салуда жергілікті кәсіпкерлерді тартуды тапсырды. Барлық жұмыстар кешенді жоспар аясында жүзеге асатынын айтып, айтылған әр ұсыныс-талап бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Сондай-ақ облыс әкімі жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Дархан Сатыбалдының халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат